Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүл қойды

Назарбаев Бейжіңде Халық батырлары ескерткішіне гүл қойды

36
(Жаңартылды 19:30 08.06.2018)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапармен барды

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы сапар барысында Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қойып, қытай халқының ХІХ және ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық күресі барысында құрбан болған перзенттерінің рухына тағзым етті.

Монумент 1840 жылғы Бірінші апиын соғысынан бастап 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі кезеңдегі Қытай революциялық қозғалысының тарихынан сыр шертетін оқиғаларға арналған.

36
Кілт сөздер:
Халық батырлары ескерткіші, Назарбаев, Бейжің, Қытай
Загрузка...