Саясат

Назарбаев өзін Қытайда кім деп атайтынын білді

© REUTERS / Greg Baker/PoolНұрсұлтан Назарбаев Қытайға іссапары барысында
Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға іссапары барысында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қытай саясаткерлері Қазақстан президентіне ерекше ықыласпен қарайтындарын айтты

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға іссапары барысында қытайлық билік өкілдерінің өзін "жолдас Әбішұлы" деп атайтынын білді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл жайында ҚХР халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу айтты.

"Төрағамыз сіздің елге үш рет сапар шекті. Оның да, менің де есімде,  2013 жылы Астанадан Алматыға бара жатып ұшақта бірге таңғы ас ішкенсіздер. Меніңше, бұл ерекше қарым-қатынастың – достықтың нышаны. Білуімше, бұл Си Цзиньпин төрағалығы кезіндегі бірегей оқиға. Біз сізді өз арамызда жолдас Әбішұлы деп атаймыз. Бұл ерекше құрметіміздің белгісі", — деп атап өтті қытайлық саясаткер.

 

 

Жаңалықтар
0