Саясат

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қандай құжатқа қол қойғаны белгілі болды

© REUTERS / Jonathan ErnstДональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі
Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Трамп келіссөз өте жемісті болғанын айтты, ал Ким Чен Ын басқосуды бейбітшілікке кіріспе деп бағалады

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Солтүстік Корея түбекті ядролық қарудан азат ету үшін бар күшін салады. Ал АҚШ бұл істе Пхеньянға қолдау көрсетіп, осы мемлекетке қауіпсіздік кепілдіктерін беруге уәде етті. Бүгінгі президент Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуден соң қол қойған құжатына қатысты негізгі ақпар осындай, деп жазды Хабар 24. 

Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Солтүстік Корея ядролық сынақтардан бас тартатынын мәлімдеді

Оны жүзеге асыру үшін жақын арада екі ел делегациясының кездесуі өтуі тиіс. Алайда қос президент қол қойған қорытынды келісімнің толық нұсқасы жарияланған жоқ. Трамп келіссөз өте жемісті болғанын айтты. Ал Ким Чен Ын басқосуды бейбітшілікке кіріспе деп бағалап, екі ел қарым-қатынасы жақсара түсетініне сенім білдірді. 

Еске сала кетейік, тарихи саммит бүгін таңертең Сентоса аралындағы қонақ үйде өтті. Қос президент алдымен бір-бірінің қолын алып, сәлемдесіп суретке түсті. Содан кейін арнайы бөлмеге барып, тек тілмаштардың қатысуымен 45 минут әңгімелесті. Жеке дара жүздесуден соң екі кеңейтілген отырыс өтті.

"Ең алдымен мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға халқының келешегі үшін батыл қадам жасағанына алғысымды білдіремін. Біздің саммитіміз өзгерістердің мүмкін екенін көрсетіп отыр. Жүздесу ашық өтіп, әрі жемісті болды. Біз қос мемлекет арасындағы жаңа қарым-қатынасты бастауға жол ашып, екі халықтың тарихын жаңадан жазуға дайынбыз. Өткен істер келешекке кедергі келтірмеуі керек. Мұны тарих талай рет дәлелдеген", — деді АҚШ президенті Дональд Трамп. 


Жаңалықтар
0