Саясат

Қазақстан премьер-министрі Ердоғанның инаугурациясына қатысады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуРежеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның үкімет басшысы Сағынтаев салтанатты шараға қатысу үшін Анкараға ұшып кетті

АСТАНА, 9 шілде — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурация салтанатына қатысады.

Анкараға ұшып кеткені туралы ақпаратты министрлер кабинетінің баспасөз қызметі растады.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

"Премьер-министр Түркия президентінің инаугурациясында Қазақстан делегациясын бастап барады", — деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне.

Түркиядағы президент сайлауында кім жеңгені белгілі болды

Салтанатты шара Түркия парламентінде жергілікті уақыт бойынша 16.00-де басталады, содан соң президент сарайында басқарудың парламенттік формасы президенттікке түріне алмасады.

Сол күні түрік үкіметінің жаңа құрамы да белгілі болады. Ведомстволар біріккен соң министрлер саны 21-ден 16-ға кемиді.

Түркияда президент сайлауы 24 маусымда өткен. Нәтижесінде елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,59% даусына қол жеткізді.

Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

 

Жаңалықтар
0