Ақорда

Назарбаев уақытша көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысын тағайындады

71
(Жаңартылды 11:37 13.08.2018)
Бұдан бұрын Марат Шайхутдинов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Марат Шайхутдиновты Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысы – президенттің көмекшісі міндетін уақытша орындаушы етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Шайхутдинов қорғаныс министрі болып тағайындалған Нұрлан Ермекбаевтың лауазымын иеленді.

Марат Шайхутдинов қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. Еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Президент әкімшілігі сыртқы саясат орталығы басшының орынбасары, Қазақстан президенті қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты басшысы лауазымдарын иеленіп, Қазақстан СІМ сыртқы саясат сараптамасы және болжам комитетін басқарған. 

Бұдан бөлек, Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Барлыбай Садықовты Бангладештағы елші қызметін қоса атқарушы етіп тағайындады. Садықов Пәкістандағы елші қызметіне 2018 жылы қаңтарда келген.

Назарбаев қорғаныс министрін неге ауыстырғанын түсіндірді

71
Кілт сөздер:
президенттің көмекшісі, хатшы, елші, Қауіпсіздік кеңесі, Ақорда, Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанда бас әскери прокурор ауысты
"Қазақстан Инжиниринг" басқарма төрағасы ауысты
Дәурен Абаевтың орынбасары ауысты
Қызылорда облысында ҰҚК департаменті басшысы ауысты
Загрузка...