Портфель

Шымкенттен сенаторлар сайланады: Назарбаев қаулыға қол қойды

643
(Жаңартылды 12:15 13.08.2018)
Сенат депутаттарын сайлау 2018 жылдың 5 қазанында өтеді, Назарбаев үкімет пен Шымкент әкіміне тапсырма берді

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттен сенат депутаттары сайланатын күнді белгіледі, деп хабарлады Ақорда.

Президент 2018 жылдың 5 қазанында Шымкент қаласынан парламент сенаты депутаттарының сайлауын өткізуді қаулы етті.  

Назарбаев ел үкіметі мен Шымкент қаласының әкіміне   ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауды тапсырды.

Сайлау өткізу туралы жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Шымкент 19 маусымда еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қала атанды. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгертілді, ал өңір орталығы Түркістанға көшірілді.  

643
Кілт сөздер:
сайлау, президент, депутат, Нұрсұлтан Назарбаев, Шымкент
Тақырып бойынша
Шымкент әкімі тұрмысы төмен әйелдерді қамқорлығына алмақшы
Шымкент жүргізушілерінің куәлігінде жаңа әріп пайда болды
Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды
Шымкент әкімі Сауранбаев: тілім жойылатын болса, бүгін өлуге даярмын
Шымкент әкімі орысша сөйлемеген аудан басшысына неге шүйлікті?
Загрузка...