Ақтаудағы Каспий маңындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі

Әбдірахманов Каспий маңындағы елдер маңызды шешім қабылдағанын айтты

202
(Жаңартылды 14:33 14.08.2018)
Бес елдің сыртқысаяси ведомствосының басшысы жиналып, Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын қорытындылады

АСТАНА, 12 тамыз — Sputnik. Каспий маңындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Каспий саммитіне дайындық жұмыстарын талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Ақтау жағалауы. Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Мамин и Ералы Тоғжанов
© Foto : Официальный сайт президента РК

Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммитінің қарсаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен Каспий маңындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.

Кеңестің жұмысына Әзербайжанның сыртқысаяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иранның — Джавад Зариф, Қазақстанның — Қайрат Әбдірахманов, Ресейдің — Сергей Лавров және Түркіменстанның — Рашид Мередов қатысып, алдағы жоғары деңгейдегі "Каспий бестігі" кездесуіне дайындық жұмыстарын қорытындылады.

"Бүгін біз ілгерілемелі келісімге ұмтылу және өзара тиімді шешімдерді табудың арқасында Каспий теңізіндегі өзара әрекеттесуге қатысты барлық мәселе бойынша консенсуске келе алдық. Бұның айғағы ретінде президенттерге қол қоюға ұсынылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасы болып табылады", — деді Қ.Әбдірахманов. 

  • Ақтаудағы Каспий маңындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі
    Ақтаудағы Каспий маңындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі
    © Sputnik / Ксения Воронина

1 / 3
© Sputnik / Ксения Воронина
Ақтаудағы Каспий маңындағы мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі

Атқарылған жұмыс Каспий маңындағы мемлекет басшыларының белсенді атсалысуы мен жеке көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асырылғаны аталып өтті.

Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Бесінші Каспий саммиті барысында қол қою жоспарланған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру бойынша тараптардың келешек әрекеттерін бейнелейтін хаттаманы қабылдады.

202
Кілт сөздер:
каспий саммиті, Каспий, Қазақстан СІМ, саммит, Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан Каспий теңізіне әскерилер енгізуге қарсы
Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті
Астанада Каспий мәртебесі туралы саммит құжатының жобасы мақұлданды
Каспий теңізін бөлісу: Ресей конвенцияға қол қоятын күнді ұсынды
Каспий суы неліктен "қанға боялғаны" белгілі болды
Загрузка...