Қытай танкілері әскери парадқа қатысуда, архив суреті

Министрлік Қытай танкілерінің Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді

3117
(Жаңартылды 18:42 15.08.2018)
Қытай танкілері тиелген эшелон Қазақстан аумағы арқылы Ресейге "Бейбіт миссия" бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына бара жатқан

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Қорғаныс министрлігі қытайлық танкілер тиелген пойыздың Қазақстанда қайдан жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik. 

Әлеуметтік желіде бүгін еліміздің аумағымен өтіп бара жатқан Қытайдың әскери техникасы тиелген пойыз түсірілген видео тарады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қытай ұлт азаттық әскерінің бөлімшелері Қазақстан аумағы арқылы теміржол эшелонымен Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонына ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің "Бейбіт миссия" бірлескен лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуына бара жатқан.

"Жүру бағыты Достық-Ақтоғай-Аягөз-Ауыл-Локоть маршруты, әрі қарай Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. ҚХР-дың эшелондарына Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қарауылы еріп жүреді", — деп хабарлады министрлік.

"Бейбіт миссия" оқу-жаттығуына ШЫҰ мемлекеттері — Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерінің 3 мыңнан аса әскери қызметшісі және 500-ден аса қару-жарақ пен әскери техника тартылған. Оқу-жаттығу кезінде лаңкестердің билікті немесе мемлекеттердің бірінің аумағын басып алуы жағдайында қатысушы елдер қарулы күштерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтау қарастырылған.

Қазақстан Қарулы күштерінің эшелондарын 18 тамызда оқу-жаттығу өтетін жерге жіберу жоспарланған.

 

 

3117
Кілт сөздер:
танк, Қорғаныс министрлігі, Қытай
Тақырып бойынша
Қытай қазақстандықтар үшін виза алу тәртібін жеңілдетті
Қытай билігі өлген адамды жерлеуге тыйым салып жатыр
Қытай азаматы өзеннің бойымен қыдырып жүріп еліміздің заңын бұзды
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тың мәлімет жарияланды
"Біз ешқашан экспансияға ұмтылмаймыз" Қытай қандай уәде берді?
Фотодерек: Назарбаев Қытай басшысына не айтты?
Атырауда Қытай азаматтарымен төбелескен күзетшілер кешірім сұрады
Загрузка...