Саясат

Назарбаев шілде айын қалай өткізді – кіммен кездесті, қайда болды

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласында
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің өткен айдағы жұмыс кестесінде барлығы 33 іс-шара қамтылды

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Шілде айы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үшін түрлі іс-шараларға толы болды.

"Саясат" порталы Қазақстан президентінің өткен айдағы жұмысы бойынша қорытынды жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда Владимир Путинмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Путин не туралы сөйлесті?

Қысқа мерзімді демалысына қарамастан, президенттің 33 келіссөз және кездесуі туралы жарияланып, әртүрлі іс-шараларға қатысатыны туралы мәлімделген. Екі айтулы оқиға шілде айының басындағы жұмыс кестесінің мазмұнын айшықтайды – Елорда күні мен Елбасының туған күні шаралардың саны мен мазмұнына айтарлықтай әсер етті. Өткен айда жалпы саны – 17.

Сыртқы саясатқа келер болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев алты кездесу өткізді, олардың ішінде Абу-Дабидің тақ мұрагері, ханзада, БАӘ қарулы күштерінің жоғары бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен кездескенін атап өткен жөн.

Назарбаев Иран президентімен кездесті

Төрт телефонмен әңгімелесудің екеуін Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен жүргізді, сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Түркия мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы тілдесті.

Елбасы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен, Ұлттық Банк басшысы Данияр Ақышевпен, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті.

Назарбаев шілде айында Павлодар облысына іссапармен барған – бұл жыл басынан бергі өңірлерге жасалған үшінші сапары.

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласында жүр

Назарбаевтың қысқа мерзімді демалысқа кеткені туралы 23 шілдеде белгілі болды. 

Жаңалықтар
0