Саясат

Назарбаев Италия президентіне көңіл айтты

© REUTERS / Massimo PincaКөпір қирады
Көпір қирады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Италияда көпірдің опырылуынан көптеген адамның қаза болғанын зор күйзеліспен қабылдады

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.  

көпір - Sputnik Қазақстан
Әлем
Италияда көпір қирады: 31 адам қаза тапқан (видео)

Қазақстан президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Италияның сыртқы істер министрлігі Генуя қаласындағы көлік көпірінің қирауынан 31 адамның қаза тапқанын хабарлады.  

Көпір құлап, ондаған адам үйінді астында қалып қойды: желіде апаттың видеосы таралып жатыр   

БАҚ мәліметіне сүйенсек, көпір сейсенбі күні күндіз құлапты. Оқиғаның бірнеше себебі айтылып жатыр: күн күркіреп тұрған кезде, найзағай түсті немесе көпір конструкциясы шөгіп кетті. Ресми тұлғалар теракт туралы мәлімдеген жоқ. Нысанға қызмет көрсетіп, жөндеу жүргізген компанияның айтуынша, көпір құлайтындай жағдайда болмаған.


Жаңалықтар
0