Саясат

Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновӘсет Исекешев
Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Исекешев 2016 жылдың маусымынан бастап бүгінге дейін Астана әкімі қызметін атқарды

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, Астана қаласының әкімі лауазымынан босатылсын", — делінген жарлық мәтінінде. 

Әсет Өрентайұлы Исекешев 1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған. 
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"3 мың пәтер беріледі". Астана әкімі ұстаздарды баспанамен қалай қамтамасыз етпек?
2008 жылдың ақпанында Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды. 

2009 жылдың мамырынан – ҚР индустрия және сауда министрі. 

2010 жылдың наурызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі. 

2012 жылдың қаңтарынан – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.    

2012 жылдың қыркүйегінен – ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2014 жылдың тамызынан – ҚР инвестициялар және даму министрі.    

2016 жылдың 21 маусымында Астана қаласынің әкімі болып тағайындалды. 
Жаңалықтар
0