Саясат

Бақыт Сұлтанов әкім болған несімен ұнайтынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновБақыт Сұлтанов
Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрын қаржы министрлігін басқарған жаңа әкім кез келген саясаткер түрлі кезеңнен өтуі керек деп санайды

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Экс-министр Бақыт Сұлтанов Астана әкімі жұмысының жақсы жақтары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың жаңа әкімі жұмысына жаяу баратынын айтты

Үкіметтің кезекті отырысынан кейін бір апта бұрын жаңа қызметіне кіріскен экс-министр Бақыт Сұлтанов Астана әкімдігінде жұмыс күні қалай басталатынын айтып берді.

"Жұмыс күнім қаланы аралаудан басталады. Әкім болғанның бір жақсысы — таза ауада көп жүресің. Өйткені елорда тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау керек. Бүгін менің осы қызметке келгеніме бір апта болды. Осы аралықта көлік, қысқа дайындық, жылу беру маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын тексеріп шықтым. Аулаларды абаттандыруға қатысты бірқатар мәселені қарастырдық. Қала шетіндегі елді мекендерді назарда ұстаған жөн", — деді елорда әкімі үкімет кулуарында.

Сұлтанов қаланың сыртқы келбетіне әрі қарай да ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

"Мемлекет басшысы мені қала активіне таныстырған кезде көтерілген маңызды мәселелердің бірі дамудың жаңа моделін қалыптастыру болды. Қаланың сыртқы келбеті дегенде тек әуежайлар мен вокзалдарға емес, елорданың шет жағына, қалаға кіретін тасжолдарға да көңіл бөлінеді", — деді ол.

Журналистер Бақыт Сұлтановтан қандай қызмет көбірек ұнайтынын сұрады.

"Кез келген саясаткер түрлі кезеңнен өтуі керек. Сондықтан мен үшін практикалық жұмыс өте қызық. Алған білімім мен жинаған тәжірибемді қала игілігіне жұмсауға тырысамын", — деп сендірді Сұлтанов.

Жаңалықтар
0