БҰҰ жалауы

АҚШ-та Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленген терроризм туралы кодекс таныстырылады

108
(Жаңартылды 16:15 27.09.2018)
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебаттарында сөз сөйлейді

АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. 24-29 қыркүйек аралығында Қазақстан делегациясы Нью-Йоркте өтетін БҰҰ 73-ші Бас Ассамблеясының жұмысына қатысады. Бұл туралы бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

18 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады. Сессия тақырыбы "БҰҰ-ны барлық адамдардың мүдделеріне жақындату: бейбіт, әділетті және тұрақты қоғамдарды қолдаудағы жаһандық жетекшілік пен ортақ жауапкершілік" деп аталады.

"Сессияның күн тәртібінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты даму, адам құқықтары, гуманитарлық көмек, қарусыздану, сот төрелігін нығайту және халықаралық құқықты дамыту сияқты салаларда 175-тен астам мәселе қамтылды", — деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебаттарына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастаған қазақстандық делегация қатысады. 

"24-29 қыркүйек аралығында көпжақты және екіжақты форматтағы бірқатар іс-шара жоспарланған. Қазақстан сыртқы істер министрі 28 қыркүйекте сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр", — деді Смадияров.

Ол Ассамблея сессиясында Қазақстан үшін басты оқиға "Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу" мінез-құлық кодексі таныстырылатынын атап өтті. 

"Құжат Қазақстан  президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірленді. Кодекстің негізгі мақсаты – 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына орай терроризмге қарсы күрес және терроризмнен еркін әлемге қол жеткізу бойынша серіктес елдердің кең халықаралық коалициясын құру", — деді баспасөз хатшысы.


108
Кілт сөздер:
кодекс, терроризм, БҰҰ, АҚШ, Батыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Ресейлік дәрігер Қазақстанда интернет арқылы терроризмге шақырған
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі штаб Ақтөбе тұрғындарын сабыр сақтауға шақырады
Каспийде терроризмге қарсы күрес бойынша теңіз штабтары құрылады
Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілер терроризмге қарсы күш біріктірді
Терроризмге қатысы бар адамдар мен ұйымдардың тізімі шықты
Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін дегендерге жауап берді

543
(Жаңартылды 12:14 03.06.2020)
Тоқаев Қырым немесе Донбасс сценарийінің Қазақстанда қайталануы туралы болжам жасайтындар туралы ойын айтты

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийінің қайталануы мүмкін деген болжамға жауап берді.

"Мұндай псевдосарапшылардың болжамында маңызды негіз жоқ. Олар Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттер арасындағы тату көршілік, одақтастық қарым-қатынастарды бұзуға бағытталған. Мұндай болжамды тек құзіреті жоқ, біреудің сөзін сөйлейтін қастық ойлаушылар ғана айта алады", - деді президент "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар президент Қазақстан Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне кіруі мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Айтуынша, Қазақстанның Ресей мен Беларусьтің одағына қосылу жоспары жоқ.

"Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты форматта, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында ынтымақтастық қарым-қатынаста және Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне қосылу жоспары жоқ", - деді мемлекет басшысы.

Басым бағыт – аталған интеграциялар аясында одан әрі даму, деп атап өтті Тоқаев.

Сондай-ақ, экономикалық одақ ретінде ЕАЭО әлеуетін күшейту үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті.

"Кооперациялық байланыстарды дамыта отырып, тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің ортақ нарығын құра отырып, Одаққа қатысушы мемлекеттердің инвестиция тартуды күшейте отырып, ЕАЭО-ны жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылға қарай жалпы энергетикалық, қаржы нарықтары қалыптастырылады. Басым бағыт – цифрлық өзара әрекеттесу", - деді Тоқаев.

543
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Тоқаев: Қазақстандағы орыстар – еліміздің ажырамас бөлігі
Тоқаев Ресей Қазақстан үшін неге маңызды екенін айтты
Тоқаев Ресей және Қытаймен арадағы қарым-қатынас туралы айтты
Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан президенттеріне орден тақты
Халыаралық әскери жиындар

Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды

84
(Жаңартылды 08:36 03.06.2020)
Қазақстан Америка құрама штаттарымен әріптестік орнатқан, алайда әскери база мәселесін қарастырмайды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын алу мәселесі қарастырылмайтынын айтты. 

"Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды және күн тәртібінде тұрған жоқ", - деді ол "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.

Президент Қазақстан мен Америка құрама штаттары арасында энергетика, инвестиция және технология салалары бойынша әріптестік сәтті жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

"Біз АҚШ-пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үнемі байланыстамыз", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұған дейін Қазақстан мен АҚШ мамандары арасында биологиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша тығыз әріптестік болғанын атап өтті. 2016 жылдың қыркүйек айында Алматыда Орталық референс-зертхана ашылды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, оның құрылысына АҚШ үкіметі 130 миллион доллар бөлген.

"Келісімшарттың аяқталуына байланысты АҚШ ғалымдары Алматыдағы биозертханадан кетті. Қазіргі уақытта тек қазақстандық мамандар жұмыс істеп жатыр. Зертхана мемлекет бюджетінен қаржыландырылады", - деді Тоқаев.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер Қазақстан үшін маңызды. Сондықтан Тоқаев Қазақстан ресейлік мамандармен әріптестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Бір апта бұрын Қазақстан президенті биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң әзірлеуді тапсырған болатын.

84
Кілт сөздер:
әскери база, АҚШ, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев шенеуніктерге: ақша мен уақытты босқа жұмсауды доғару керек
Қазақстан қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге үлес қоса алады – Тоқаев
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео
Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

2
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

2
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео