Ақорда

"Сырбар" сыртқы барлау қызметіне жаңа директор тағайындалды

58
(Жаңартылды 09:46 28.09.2018)
Барлаудың экс басшысы президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры ауысты. Аталған лауазымды "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаев иеленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан  сілтеме жасап.

Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Исатай Бақтиярұлы Сартаев Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.

Барлаудың экс басшысы Ғабит Байжанов президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

58
Кілт сөздер:
өкім, президент, президенттің көмекшісі, қауіпсіздік, кадрлық тағайындаулар, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстанның жаңа қаржы министрі тағайындалды
"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды
Алматы - Сеул рейсінде шу шығарған министрдің мас орынбасары қызметінен қуылды
Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін
WhatsApp басшысы қызметінен кетті
Имам әлеуметтік желідегі жазбасы үшін қызметінен алынды
Талдықорғанда фермермен төбелескен әкім орынбасары қызметінен кетті
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

934
(Жаңартылды 17:59 08.08.2020)
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

934
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Ақорда

Тоқаев елшіні қызметінен босатты

13396
(Жаңартылды 13:33 07.08.2020)
Андриан Елемесов Мексикадан бөлек Қазақстанның Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы мен Ямайкадағы елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Андриан Елемесовті Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Біріккен Мексика штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Доминикан Республикасындағы, Ямайка, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Андриан Елемесов туралы не білеміз?

Андриан Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химиялық технологиялар институтын бітірген. Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері мен сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының жанындағы құрылымдық бөлімше жетекшілеріне арналған курстардан өткен.

Ол 2015 жылдың тамыз айында Мексикада мен Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасындағы, 2018 жылдың қыркүйек айында Ямайкадағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Экс-елші Лукашенко Назарбаевтың отставкасы туралы не дегенін айтты

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалер орденімен марапатталған.

13396
Кілт сөздер:
Қазақстан елшісі, елші
Тақырып бойынша
АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді
Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото
Тасмағамбетовтің орнына келген жаңа елші туралы не білеміз?
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
Ет, архивтегі сурет

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды видео

1840
(Жаңартылды 17:12 09.08.2020)
Видео Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды. Болған жағдайдан соң әйел тамақ дайындауын тоқтатып, етті тоңазытқышқа қайта салып қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды.

Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып, етті қайта тоңазытқышқа салды.

Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйке ұштары жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.

​Видеоны 1 миллионнан астам адам тамашалап, 15 мыңға жуық пікір қалдырған.

1840
Кілт сөздер:
желі, видео, жұрт, ет
Тақырып бойынша
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті