Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева: біз араб емес, қазақпыз

2196
(Жаңартылды 16:40 28.09.2018)
Сенатордың пікірінше, Қазақстанның заңнамасы өте либералды, барлық дінге демократиялық көзқараспен қарайды

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Сенат депутаты, Халықаралық қарым-қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекке тыйым салуды көздейтін заң жобасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз араб емес, қазақпыз. Мен осыны айтқым келеді… Көбіміз қысқа шалбар киген сақалды адамдарды көргенде, оларды дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, кейде тіпті экстремистік көзқарастағы адам деп қабылдаймыз. Жалпы, менің пікірімше, біздің заңнамамыз өте либералды. Барлық дінге демократиялық көзқараспен қараймыз. Ешкімге қысым көрсетілмейді. Егер діни көзқарас қоғамды дамытуға бағытталып, толеранттылық пен бейбітшілікті, тыныштықты насихаттаса, онда бұл жақсы емес пе?" — деді Назарбаева сенат кулуарында.

Айта кетсек, бүгін сенат депутаттары екінші оқылымда "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.

2196
Кілт сөздер:
бетті тұмшалау, араб, қазақ, сенат, дін, депутат, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева: Елбасы - ең үлкен құрметке лайық адам
Сенат бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заң жобасын мәжіліске қайтарды
Психоаналитик қызына хиджаб кигізетін ата-ананың неге олай істейтінін түсіндірді
Дін қызметкері өзен жағасында оқушы қызды зорлады
Дінтанушы талақ айту туралы: көп әйел алуға қызыққандар дін талаптарын аяқасты етуде
Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Хиджаб кигендерді жақтап, президентке жолдау жасаған имам жұмыстан қуылды
Загрузка...