Ауғанстан

Қазақстан Ауғанстанға 100 мың доллар бөлді

124
(Жаңартылды 19:03 04.10.2018)
Қаражат Қызыл крест комитетінің желісі бойынша бөлінген

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан тарапынан Ауғанстанға бөлінген материалдық көмекке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жақында Қазақстан Ауғанстанда террорлық актілерден зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетті.

"Бұл тұста шамамен 100 мың доллар туралы сөз болып отыр. Бұл қаражат Қызыл Крест комитетінің желісі бойынша Ауғанстан аумағында террорлық актілерден зардап шеккендерді оңалту үшін бөлінді", — деді министр мәжіліс кулуарында. 

Атап айтсақ, Қазақстан тарапынан бөлінген қосымша ақша Ауғанстанда  теракт салдарынан мүгедек болып қалған азаматтарға бағытталған.

Айта кетсек, бүгін мәжілісте Қазақстан үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің арасындағы Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. 

Министрдің айтуынша, Қазақстан үкіметі мен Қызыл крест комитеті арасындағы келісімді ратификациялауға бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Тек ерікті жарна ғана бөлінеді. 

"Ерікті жарна мөлшері 5-15 мың долларды құрайды. Қызыл крест комитеті біздегі банктерде өз есепшотын ашады, ақшаның барлығы сонда сақталады. Кейін жұмыс ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізіледі", — деді ол. 

Мақұлданған заң жобасы аясында Қазақстанда Қызыл Крест комитетінің кеңсесі ашылады.

Құрбан айт кезінде президент сөйлеп жатқанда зымыранмен шабуыл жасалды

124
Кілт сөздер:
қаражат, материалдық көмек, теракт, сыртқы істер министрлігі, Қайрат Әбдірахманов, Ауғанстан, Қазақстан
Тақырып бойынша
Министрлік Сирияға кеткен қазақстандықтар туралы айтты
Қазақстан КСРО кезінде Ресей аумағында қалып қойған мұнайды қайтаратын болды
Қазақстан Қырғызстанға жауап нотасын табыс етті
Қазақстан мешіттері 61 мың отбасыға құрбандық етін таратты
Загрузка...