Бейбітшілік және келісім сарайы

"Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік". Дін көшбасшылары съезінде не айтылды?

76
(Жаңартылды 11:55 11.10.2018)
10-11 қазан күндері Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының "Діни лидерлер бейбіт әлемді қолдайды" тақырыбында кезекті VI съезі өтеді

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Осыған орай  алдыңғы съездерде қандай тақырыптар талқыға салынғанын еске түсіруді ұсынады.

Съездің қолға алынуына не себеп болды?

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әрбір үш жыл сайын өтетін әлемдегі ауқымды шаралардың біріне айналды. Мемлекет басшысының пікірінше, дәстүрлі діндер көшбасшыларының арасындағы сенім мен түсіністік осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады. Съезд идеясын Кофи Аннан, Джордж Буш, Маргарет Тэтчер, Цзянь Цземинь, Нельсон Манделла, Жискар д'Эстен және әлемнің өзге де аса ықпалды саясаткерлері қолдады.

2003 жылдан бері осы форум барша әлемді толғандырған терроризм, әр адамның белгілі бір дін қағидаларын дұрыс түсінбей қоршаған ортасына зиян тигізуі, мәдениеттер мен өркениеттердің бір-бірінен алшақтай түсуі сынды мәселелерде маңызды рөл атқарды. Бастапқыда съезді шақыруға әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан террористік шабуылдар мен дінаралық қақтығыстар себеп болды. Бірақ съезд өткізілмей жатып кейбір БАҚ оны мағынасыз жиналыс деп сынап, керағар пікірлер қалыптастыруға тырысты. 

"Әлемдегі дәстүрлі дін көшбасшыларының басын біріктіру оңай болмады" 

Қазақстанның беделді саясаткерлері әртүрлі дін көшбасшыларын бір дөңгелек үстел басына жинау қиынға соққанын айтып өтті. Келген қатысушылар ел президенті алдында басқа әріптестеріне деген наразылықтары бар екенін ашып айтты. Мұның өзі дінаралық қақтығыстардағы түйіткілді мәселелерді реттеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі мол екенін көрсетті. Уақыт өте келе көшбасшылар бір-біріне сенім артып, жаһандық деңгейдегі қиындықтарды шешуде күш біріктірмесе болмайтынын түсінді. 

Тағы оқыңыз: 

Жиын барысында әлемнің дін көшбасшылары мен саясаткерлері нақты іс-қимылдар ұсынып, бірнеше декларация қабылдады. Әлемде әр қоғамның өзіне ғана тән дәстүрлері бар екені ескеріліп, оларға құрметпен қарау – форумның басты талаптарының біріне айналды. Қоғамаралық кез келген қақтығыстарға діни факторлар себеп екені де жан-жақты талданды. 

"Бізге қандай да бір түпкі мақсат қою керек емес және оны қоюға болмайды. Бірыңғай діни кеңістік құру дұрыс емес. Қазіргі бар айырмашылықтарды аяғына дейін жеңуге болмайды, оған қоса олар ұлы діндердің негіздерін қозғайды. Алайда тұрақты диалогтың құндылығы елеулі пікір алшақтығына қарамастан, қандай да бір "алтын ортаны" іздеудің мазмұны мен процесінің сақталатындығында. Және ең бастысы – диалог бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындылық уақытын жасайды", — деді Нұрсұлтан Назарбаев бірінші съезд барысында. 

Жыл сайын съезд мінберінен кімдерді көрдік?

Кемінде үш жылда бір рет өтетін форумға ислам, христиан, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және зороастризм діндерінің беделді қызметшілері, сондай-ақ, сыртқы саясатта тәжірибесі мол тұлғалар қатысты. Бастапқыда 13 елден делегаттар келсе, соңғы рет өткен съезге әлемнің 42 елінен сексеннен астам өкіл келді. Олар — БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, ЮНЕСКО бас директорлары Коичиро Мацуура мен Ирина Бокова, ЕҚЫҰ бас хатшылары Марк Перрен де Бришамбо мен Ламберто Заньер, БҰҰ өркениеттер альянсының жоғары өкілі Насир Абдель Азиз ан-Насер, Иордания королі Абдалла II, дүниежүзілік Ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Аятолла Шейх Мохсен Араки, 

бейбітшілік үшін Нобель сыйлығының лауреаты Шимон Перес, Канаданың бұрынғы премьер-министрі Жан Кретьен, Константинополь православ шіркеуінің патриархы Варфоломей I, дүниежүзілік лютеран федерациясының президенті Муниб Юнан, Израилдың бас раввиндері Йона Мецгер, индологияны зерттеу және дінаралық диалог жөніндегі институттың төрағасы, дін көшбасшылары кеңесінің мүшесі Сомайя Самир Шантила және т.б.-лар. 

Тағы оқыңыз: 

Қатысушылардың саны аз әрі оларды жинау қиынға соққандықтан, бірінші форумның жалғасын табуда декларациялардың қабылдануы маңызды рөл атқарды. 2003 жылы өткен форумның нәтижесінде қабылданған декларацияда әлемде бар барлық діннің негізгі ортақ құндылықтары мен қағидалары туралы жазылды. Құжатты әзірлеу үшін президент әкімшілігі мен сыртқы істер министрлігі бастаған әлемдегі дәстүрлі дін өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылды. 

"Өз дінін сыйлаған өзге дінді де сыйлайды"

"Діни сенімдер мен ғибадаттардың көп түрлілігі өзара күмәндануға, кемсітуге және жоюға емес, әрбір діннің және мәдениеттің бірегейлігін көрсететін өзара қабылдауға және үйлесімге жетелеуге тиіс. Діндер толеранттылық пен өзара қабылдауды барлық халықтың бейбіт қатар өмір сүруінің елеулі құралдары ретінде мойындай отырып, үлкен ынтымақтастыққа ұмтылуға тиіс", – деп атап өтілді съездің бірінші құжатында. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында форум өткізу үшін салынған жаңа "Бейбітшілік және келісім сарайы" ғимаратында өтті. Ол "Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік" атты жалпы тақырып аясында "Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу" және "Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі" деген екі негізгі бағыт бойынша жүргізілді. Бұл жолы форум жұмысына 29 делегация қатысты.

Съезд барысында қатысушылар негізге алған "Дінаралық диалог қағидаттары" қабылданды. Сондай-ақ, қатысушылар барлық дін мен этникалық топ өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады.

Тағы оқыңыз: 

"Дінаралық диалог қағидаттарында "Диалог барлық әріптестің тең құқықтылығын болжауға және әрбір мәдениеттің, тілдің және дәстүрлердің тұтастығын ескере отырып, пікірлерін, пайымдарын және сенімдерін еркін білдіруге арналған кеңістік құруға тиіс. Диалог басқа дінге айналдыруға не басқа дінді ұстаушы сұхбаттасты қорлауға, сондай-ақ бір діннің екінші діннен артықшылығын көрсетуге бағытталмауға тиіс", – делінген. 

2009 жылы 1-2 шілдеде өткен ІІІ съезге Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысты. Басты тақырыпқа қиын мәселелердің дұрыс шешілуіндегі рухани көшбасшылардың атқаратын рөлі шығарылды және олардың ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жұмыстары туралы айтылды. Қатысушылардың үндеуінде "әртүрлі этникалық және діни тиесіліліктегі адамдардың бейбіт қатар өмір сүруі адамзат қауіпсіздігінің маңызды негізі болып табылады" деп атап көрсетілген. Сондай-ақ, дінмен бүркемеленетін терроризмнің кез келген нысандары айыпталатыны туралы жазылған.

"Дін және әйелдер: рухани құндылықтар мен заманауи талаптар"

Кезекті төртінші съездің басты үндеулерінің бірі – адамның құдай белгілеген мақсат-мүддесін, оның абыройы мен тартып алынбайтын құқықтарын тануда бірауызды болды. Жиын барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі талқыға салынып, олардың кез келген елде зор құрметке ие болуы керектігі үнделді. Әрбір жас өреннің ана тілі мен тарихын қалай білсе, өзінің діни дәстүрін дәл солай білуі керектігі, сол кезде ғана адамның басқа діндерге сыйластықпен қарайтыны туралы айтылды.

Тағы оқыңыз: 

Бесінші съезд барысында мемлекетаралық мәселелерге үлкен мән берілді. Қатысушылар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, кез келген қақтығыстың алдын алу үшін дін көшбасшыларының халықаралық деңгейдегі ұйымдармен және қоғаммен диалог жүргізуіне жәрдем болуы үшін белгілі бір міндеттемелерді қабылдады. Сондай-ақ, форумның басты үндеуі – бейбіт келіссөздер арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан зорлық-зомбылықты тоқтату болды. Осы тұста айтылғандарды жүзеге асыру үшін БҰҰ секілді тәжірибелі ұйымдардың механизмін пайдалану ұсынылды және интернет пен БАҚ-тың дінаралық алауыздықты өршіту практикасын тоқтату керектігі айтылды. 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ламберто Заньер бұл съезде қоғамның діни сауаттылығына назар аударуға шақырды. Сондай-ақ, ол теріс пиғылды ұйымдарға қарсы күрес жүргізуде БАҚ-тың әлеуетін пайдалануды ұсынды.

"Адамдар белгілі бір діннің құндылықтарын қате түсіну арқылы айналасына зиянын тигізуі мүмкін. Өкінішке орай, қазір БАҚ-ты кейбір діни ұйымдар мен ағымдар мемлекеттер арасына іріткі салу мақсатында ұтымды пайдаланып отыр. Мұндайға жол бермеуіміз керек. Олар керісінше қоғамға кері әсерін тигізетін ұйымдарды әшкерелеуге, әлемде бейбітшілік пен келісім орнатуға жұмыс істеуі тиіс. Себебі, масс медианың қоғам санасына ықпал ету мүмкіндігі зор", — деді ол.

Қатысушыларға Елбасы қандай екі ұсыныс жасады?

Жиын соңында Нұрсұлтан Назарбаев діни лидерлерге қоғамды жақсартуға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, екі ұсыныс жасады.

Біріншісі — Бейбітшілік және келісім сарайында съезд тарихынан сыр шертетін арнайы музей құру. Ол съезд жанындағы ғылыми мекеме ретінде жұмыс істеп, айтылған барлық идеяны жинақтап отырады. Екіншісі — "Рухани әлем мен келісімді дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін" сыйлығын тағайындау.

Тағы оқыңыз:

Бұдан кейін Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында 10-11 маусым күндері өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезінің материалдары жинақталған кітап-альбом шығарды. Аталған кітапқа "Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогі" тақырыбындағы съезге қатысқан әлемге танымал діни және саяси қайраткерлердің сөздері енгізілді.

Жұмыс істеген 15 жыл ішінде съезд әртүрлі дін арасында диалог орнатуда және терроризммен қарсы күресте күш біріктіруге ұйытқы болды. Тікелей дін қайраткерлерінің қатысуымен әзірленген құжаттар халықаралық ұйымдардың форумдарында таратылып отырды. Соңғы жылдары әлемдік дін көшбасшылары VI съезге үлкен дайындықпен келе жатқандарын байқатып, осы жолы форумды "Дін көшбасшылары қауіпсіз әлем үшін" тақырыбына арнауды ұсынды. 

2018 жылдың 10-11 қазан күндері Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының "Діни лидерлер бейбіт әлемді қолдайды" тақырыбында VI съезі өтеді. Сондай-ақ, Бейбітшілік және келісім музейінің ашылу салтанаты болады.

Съезд "Әлем. ХХІ ғасыр" манифесі жаһандық қауіпсіздіктің тұжырымдамасы ретінде", "Ауыспалы геосаясаттағы дін. Адамзатты біріктіру үшін жаңа мүмкіндіктер", "Дін және жаһандану: сын-қатерлер мен жауаптар", "Діни көшбасшылар және саяси қайраткерлер экстремизм мен лаңкестікті еңсеруде" секцияларында жұмыс істейді.

Рим Папасы Астанаға неге келмеді?

Съезд баспасөзі жетекшісінің орынбасары барлық конфессия лидерлерінің келуін қамтамасыз ету қиын шаруа екенін айтты.

Рим Папасы Франциск елордада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне келе алмады. Форум жұмысына әулие тақ иесі келіссөз кеңесінің Ислам бойынша бөлім меңгерушісі Халед Акаше қатысады.

Тағы оқыңыз:

"Халид Акаше — әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ешкім алмастыра алмайтын қатысушыларының бірі. Кестесінде (Рим Папасының — Sputnik) бос уақыт жоқ екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Діни лидерлердің — делегаттардың құрамы үнемі өзгеріп отырады. Бұл олардың жұмыс кестесімен, халықаралық шаралардың уақытымен байланысты. Сондай-ақ, тосыннан оқыс жағдайлар да болып тұрады. Барлық шіркеу, жамағат лидерлерінің қатысуын қамтамасыз ету — қолдан келмейтін шаруалар қатарынан шығар", — деді Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев съезд хатшылық отырысының кулуарында.

Сондай-ақ, биыл аталған съезге Въетнам, Сингапур, Өзбекстан, Коптс православ шіркеуінің және Мысыр христиан шіркеуінің өкілдері алғаш рет қатысады.

76
Кілт сөздер:
форум, қоғам, терроризм, әйел, дін, президент, Астана, Қазақстан
Тақырып бойынша
Бас мүфти Ақтөбедегі хиджаб дауына қатысты пікір білдірді
Бас мүфти: "Обал болады" мен "сауап боладының" түпкі мәні тереңде
Бас мүфти: қазір көп ғалым өз ғылыми жұмысының жауабын Құраннан тауып жатыр
Бас мүфти шәкірттерге: діни салада карьера деген болмайды
Ермекбаев дін мәселесінде қандай сын-қатерлер тұрғанын айтты
Дін мен балалық шақ: қазақстандық балаларынан намаз оқуды талап еткен
Хиджаб киетін он алты оқушының ата-анасына айыппұл салынды
Загрузка...