Саясат

Назарбаев Бельгия Королімен кездесті

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіНұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын талқылады

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев Nokia басшысымен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Nokia басшысымен кездесті

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.


Жаңалықтар
0