Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев АҚШ, Ресей, Қытай және Еуроодақты өзара түсінісуге шақырды

372
(Жаңартылды 17:20 20.10.2018)
Мемлекет басшысы бүгінде әлем табысты диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізе алмай жатқанын атап өтті

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Азия-Еуропа" форумының ХІІ саммитіне қатысты.  

Мемлекет басшысы саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде қақтығыстардың көбеюі, санкция және сауда соғыстарының өршуі жағдайында халықаралық саясат шиеленістің шегіне жетіп отырғанын айтты, деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Nokia басшысымен кездесті
© Официальный сайт Президента РК /

"Біз бүгінгі "Азия-Еуропа" форумының саммитін осы проблемаларды шешу үшін пайдалануымыз қажет. Өкінішке қарай, қазіргі кезде әлем табысты диалог пен өзара түсіністікке қол жеткізе алмай келеді. Бәріміз өткен ғасырдың 60-жылдарындағы Кариб дағдарысын еске салатын бүгінгі экономикалық және саяси текетірестерге куә болып отырмыз", – деді Қазақстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл саммит АҚШ, Ресей, Қытай сияқты әлемнің ірі елдерін, Еуропа Одағын халықаралық шиеленістерді шешудің жолын іздеуге шақыруы қажет екенін айтты. Бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында да қарастырылуы мүмкін.

"Егер Сириядағы, Украинадағы және өзге де елдердегі проблемаларды реттемесек, ахуал одан да күрделене түседі. Баллистикалық ракеталардың таралу қаупі сейілмейінше, халықаралық терроризм басты мәселе болып қала бермек", – деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті әлемдік экономикадағы жағдайдың күрделене түсуіне байланысты кейбір кедей мемлекеттердің ахуалы одан әрі қиындайтынын айтып, адамзат үшін оның елеулі қауіп-қатер саналатынын атап өтті.

"Екінші Дүниежүзілік соғыс пен басқа да қақтығыстардан кейін мемлекеттер көшбасшылары тығыз ынтымақтасып, терроризммен күрес жүргізу ісінде ортақ шешімдер таба білді. Сондықтан, мен барлық елдерді диалогқа шақырып, келіссөздер жүргізу үшін Астана алаңын пайдалануды ұсынамын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында мемлекет басшысы Қазақстанның Азия мен Еуропадағы жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұруға бағытталған серіктестікке белсенді атсалысуға дайын екенін тағы да атап өтті.


372
Кілт сөздер:
саммит, Еуропалық одақ, Назарбаев, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Қытай
Нурсултан Назарбаев

Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

2459
(Жаңартылды 19:57 03.07.2020)
Фильм 6 шілде күні сағат 21.40-та эфирге шығады. Елбасының баспасөз қызметі фильмнің анонсын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті билік транзиті мен коронавирус пандемиясының әсері туралы айтты. Елбасының баспасөз қызметі "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деректі фильмінің анонсын жариялады.

Жарыққа шығатын фильм журналист Айгүл Әділова мен Елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы. Көрермендер фильмді 6 шілде күні сағат 21.40-та "Хабар" арнасынан тамашалай алады.

"Биліктің ауысуы - қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім", - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, коронавирус билік жақсы басқаратын елдер қиындыққа төтеп бере алатынын көрсетті. Ол адамдар көз жұмып жатқан жағдайда жылдам шешім қабылдау маңызды екенін айтты.

2459
Кілт сөздер:
видео, фильм, билік, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбаев туралы жазба жариялады
Мемлекет басшыларының кездесуі

Тоқаев Ресей президентін құттықтады

132
(Жаңартылды 17:00 02.07.2020)
Мемлекет басшысы Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді 

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан президенті Ресей тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақмерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сонымен қатар халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. 

Айта кетейік, дауыс бергендердің 78,03 проценті Ресей Конституциясына түзетулер енгізуді қолдаса, ал 21,16% қарсы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқандар шамамен 65%. 

Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарда сайлау учаскелері жұмыс істеді.

1 шілде Ресей Конституциясына түзетулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталған болатын.

132
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мінезі туралы айтты
Коронавирус, вакцина

Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

0
Вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресейде коронавирустың вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің жағдайы жақсы, деп хабарлады РИА Новости әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді. 18 маусымда екі компонентті вакцинаның біреуі салынған еріктілердің бірінші тобында ешкім денсаулығына шағым жасаған жоқ. Елеулі жағымсыз құбылыстар да тіркелген жоқ.

Ал 23 маусымда вакцинаның бірінші бөлігі егілгенжәне содан 21 күн өткен соң қорытындысына қарай вакцинаның екіншісі компоненті салынатын екінші топтың құрамындағыларда өзін жақсы сезінеді. Асқыну мен жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

0