Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Сооронбай Жээнбеков

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға барады

240
(Жаңартылды 18:12 28.10.2018)
Қазақстан мен көрші елдің сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың алдағы сапарын талқылады

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға алдағы сапарын пысықтап жатыр. Бұл туралы РИА Новости Қырғызстан СІМ басшысы Шыңғыс Айдарбековке сілтеме жасап хабарлады.

"Біз бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қырғыз Республикасына жасайтын алдағы ресми сапарының күн тәртібін мазмұндық жағынан дайындап, толықтыру жөніндегі жоспарларымызды талқыладық", — деді Айдарбеков Астанада Қазақстан СІМ басшысымен жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша журналистерге берген сұхбатында. 

Ол сондай-ақ қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды.

Қазақстан сыртқы істер министрінің айтуынша, Назарбаев Қырғызстанға 2019 жылы барады. 


240
Кілт сөздер:
Қазақстан президенті, ресми сапар, Сооронбай Жээнбеков, Назарбаев, Қырғыз Республикасы, Қазақстан
Тақырып бойынша
Жээнбеков: Ақаев пен Бакиевтің тағдырын қайталағым келмейді
Сағынтаев пен Жээнбеков сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады
Жээнбеков: ішкен суымыз бен жүрген жолымыз бір туған елміз
Жээнбеков Қазақстанның әнұранын қолын жүрек тұсына қойып тыңдады
Жээнбеков Назарбаевқа телефон соқты
Назарбаев пен Жээнбеков журналистерге не айтты?
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы жаңа елшілерді тағайындады

38
(Жаңартылды 11:20 22.05.2020)
Мемлекет басшысы екі елшіні жаңа дипломатиялық лауазымдарды қоса атқарушы қызметіне тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Филиппин және Аустралиядағы елшілерді тағайындады.

Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов Қазақстанның Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар, Қазақстанының Сингапурдағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Арыстанов Қазақстанның Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бірнеше елшіні қызметінен босатты

Данияр Сарекенов дипломатиялық еңбек жолын 1993 жылы сыртқы істер министрлігінде атташе қызметінен бастады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. Кейінірек, сол жылы ол Қазақстанның Малайзиядағы елшісі болды, бұл қызметті 2019 жылға дейін атқарды.

Аркен Арыстанов әр жылдары қаржы саласында еңбек етті. 2011-2013 жылдары "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Франциядағы елшілігінде инвестициялар жөніндегі кеңесші.

2019 жылы ол Қазақстанның Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы елшісі болып тағайындалды.

38
Кілт сөздер:
елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісіне тапсырма берді
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ауысты
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Марат Тәжинді "Барыс" орденімен марапаттады
АҚШ президенті Дональд Трамп

Трамп АҚШ Ашық аспан келісімшартынан шығатынын жариялады

86
(Жаңартылды 10:04 22.05.2020)
Егер ештеңе өзгермесе, Америка Құрама Штаттары үшін келісімшарттың әрекет ету мерзімі жарты жылдан кейін аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өз елінің Ашық аспан келісімінен шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз Ресеймен өте жақсы қарым-қатынастамыз деп ойлаймыз, бірақ олар келісімшартты ұстанбады. Сондықтан біз шығамыз. Бірақ бізде жаңа келісімге қол жеткізуге немесе осы келісімшартты бірге қайтару үшін бір нәрсе жасауға болатын жақсы мүмкіндік бар", - деп хабарлады Трамп.

Оқи отырыңыз: Ресей АҚШ-қа гуманитарлық көмек жіберді 

Мемлекеттік хатшы Майк Помпео кейінірек Вашингтон келісімнен алты айдан кейін шығатынын мәлімдеді. Ол Штаттар Ресей келісімшартты "қайта сақтай бастаған" жағдайда ғана шешімін өзгертуі мүмкін екенін атап өтті.

Ресей сыртқы істер министрлігі Мәскеу ешқандай заңбұзушылыққа жол берген жоқ деп жауап берді.

"Біз кейбір техникалық проблемалардың болуын осы іргелі келісімнен шығуға себеп қылуды құптамаймыз. АҚШ Ресей тарапынан заңбұзушылық ретінде көрсетуге тырысып жатқан осы техникалық мәселелерді талқылауды одан әрі жалғастыруға ештеңе кедергі емес", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко.

Грушко Ашық аспан келісімшарты 20 жылдан астам уақыт ішінде Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдағанын және "барлық элемент өзара байланысты болатын әскери қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болды" деп атап көрсетті.

Вашингтон бұған дейін Мәскеудің 2019 жылдың қыркүйегінде АҚШ-Канада миссиясының ұшуына рұқсатты кері қайтарып, келісімшартты бұзғанын мәлімдеген. Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып, заңбұзушылық АҚШ тарапынан болғанын көрсетті. Атап айтқанда, 2016 жылы Вашингтон аралық аэродромдардың қажетті санын беруден бас тартып, ресейлік ұшақтардың қауіпсіз келуін қамтамасыз етпеген.

Ашық аспан келісімшарты

1992 жылы қол қойылған құжат қырғи қабақ соғыстан кейін Еуропадағы сенімді нығайту шараларының бірі болды. Ол 2002 жылдан бері жұмыс істейді және қатысушы елдерге бір-бірінің қарулы күштері мен іс-шаралары туралы ашық ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Келісімге 34 мемлекет қол қойды.

86
Кілт сөздер:
келісім, Ресей, АҚШ
Коронавирус сынамасын жүргізу

Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды

0
(Жаңартылды 11:34 25.05.2020)
Қазіргі кезде вирус жұқтырған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға тиісті емдеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik.  Жедел штаб өкілдері үш жастағы бүлдіршіннің Covid-19 вирусын тасымалдаушымен тығыз байланыста болғанын айтып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулік ішінде аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Міндетті тексеру жүргізу нәтижесінде Теңіз кен орнының 9 жұмысшысы анықталды.

"Тағы үш науқас Исатай ауданының тұрғыны. Оның бірі 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болса, екіншісі 53 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны. Ал үшіншісі үш жастағы бүлдіршін қыз. Оның вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Қазіргі кезде барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға алгоритм бойынша емдеу жүргізілуде. Инфекция ошағы мен байланысатын адамдар шеңбері де анықталды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 891 адамды құрайды. Ал жазылып шыққандар – 226.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды

0
Кілт сөздер:
инфекция, коронавирус, Атырау
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
"Туыстары түсінгісі келмейді": Өзіне қол салған адамнан вирус табылды
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді