Нұрсұлтан Назарбаев Астана Хабтың ашылуында

Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub технопаркін ашты

62
(Жаңартылды 11:30 07.11.2018)
Мемлекет басшысы ІТ-технологияларды дамытуға тартылған дарынды жастарды қолдауды тапсырды

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Хаб" ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркінің ресми ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы іс-шара басталар алдында қазақстандық стартап-компаниялардың жобаларымен танысып, ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап көрді, сондай-ақ IT-университеттің жұмысы мен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы жөніндегі баяндамаларды тыңдады.

Astana Hub не үшін керек? 

Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты ашылу рәсіміндегі құттықтау сөзінде "Астана Хаб" ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркін ресми түрде іске қосу шарасына қатысушыларға ризашылық білдірді.

"Сіздермен қонақжай әрі жас елордамыз – Астанада жүздескеніме қуаныштымын. Ашылу рәсіміне қатысып отырған Эстония премьер-министрі Юри Ратас мырзаға және шетелдік қонақтардың бәріне алғыс білдіремін. Бұл шара төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында Қазақстан үшін өзекті болып саналады", – деді Елбасы.

Қазақстан президенті еліміз бен қоғамымызды одан әрі дамыту ісінде цифрландыру үдерісінің мәні зор екенін атап өтті.

"Интернет, жасанды интеллект, 3D-баспа технологиялары және блокчейн адамзат өмірінің бүкіл саласына белсенді түрде еніп келеді. Бұл – қазіргі заманның негізгі үрдісі. Цифрландыру мемлекеттердің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторларының біріне айналды. Бүгінде әлемнің жетекші елдері, сондай-ақ олардың G-20 және Еуропа Одағы сияқты бірлестіктері өздерінің цифрландыру жөніндегі стратегиялық құжаттарын қабылдады", – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі цифрландыру бағдарламасының жүзеге асырылу үдерісі мен осы бағытта қол жеткізілген нәтижелерге арнайы тоқталды.

"Қазақстан – ТМД-да мемлекеттік қызмет көрсету ісін электронды форматқа көшіруді бірінші болып бастаған елдердің бірі. Былтыр Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам бастық. Нақты жетістіктеріміз де бар", – деді Елбасы.

Назарбаев дарынды жастарды қолдауды тапсырды 

Қазақстан президенті "Астана Хаб" ІТ-стартаптар халықаралық технологиялық паркі қазіргі инновациялық экожүйенің өзегіне айналуға тиіс екенін айтты.

"Технопарктың жұмысына қатысушылар жеңілдетілген виза және еңбек режімдерін пайдалана алады, сондай-ақ оларға салық және басқа да жеңілдіктер беріледі. Технопарк базасында тәлімгерлік институты құрылды. Оның аясында сарапшылар стартап-командаларға қамқорлық жасайтын болады", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ІТ-технологияларды дамытуға тартылған дарынды жастарды қолдау қажеттігіне назар аударды.

"Бізге ІТ-таланттардың жаңа буынын қалыптастыру керек. Басты мақсатымыз – ақылды әрі қабілетті балаларға көмек көрсету. Біз жеке бастамаларды, бағдарлама жасау мектептерін, роботтық техника мен кибер-спортқа қатысты спартакиадалар мен олимпиадаларды жан-жақты қолдаймыз. Жоғары оқу орындарында оқу бағдарламалары жаңартылды", – деді Қазақстан президенті.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстанда Бизнесті жебеушілер клубын (QazAngels), Венчурлік капиталистер қауымдастығын және Бірлесе инвестициялау қорын құру мәселесі жөнінде айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты инновациялар мен цифрлық технологияларды дамыту ісіне белсене атсалысуға шақырып, бұл саланы ілгерілету үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.


62
Кілт сөздер:
цифрландыру, Астана Хаб, Назарбаев, Қазақстан, Астана
Тақырып бойынша
Сағынтаев цифрландыру туралы: артта қалғанымызды көріп отырмыз
Цифрландыру туралы халықаралық форумның тікелей көрсетілімі
Жұмағалиев Елбасыға Қазақстанды цифрландыру барысы туралы есеп берді
Елбасының қатысуымен өткен цифрландыру мәселесі туралы кеңестен соң елімізде не өзгереді?
Мемлекет басшыларының кездесуі

Тоқаев Ресей президентін құттықтады

114
(Жаңартылды 17:00 02.07.2020)
Мемлекет басшысы Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді 

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан президенті Ресей тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақмерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сонымен қатар халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. 

Айта кетейік, дауыс бергендердің 78,03 проценті Ресей Конституциясына түзетулер енгізуді қолдаса, ал 21,16% қарсы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқандар шамамен 65%. 

Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарда сайлау учаскелері жұмыс істеді.

1 шілде Ресей Конституциясына түзетулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталған болатын.

114
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мінезі туралы айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ресейге алғыс айтты

900
(Жаңартылды 13:54 01.07.2020)
Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек жөнелтті, сонымен қатар, коронавируспен күресуге көмектесу үшін өз мамандарын жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Ресей үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

30 маусымда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тағы оқыңыз: Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді

Ресей тарапы індетпен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар, жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар ашу бойынша білікті мамандарын Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді. 

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда COVID-19 індетіне шалдыққан 40 мыңнан астам адам тіркелді.

900
Кілт сөздер:
коронавирус, Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгерді
Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тамағы қызарып, мұрны бітеледі
Қарбыз, Түркістан облысы

Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

11
(Жаңартылды 18:25 03.07.2020)
Полицейлер балаларды тапты. Олардың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облыстық департаменттің қызметкерлері бір видеоға назар аударған. Онда ер адам екі баланы видеоға түсіріп тұрып, қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген. Бұның бәрін түсіргенде былапыт сөз айтқан. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді полицейлер.

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Ал қоғамдық резонанс туғызған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

11
Тақырып бойынша
Түркістан облысында баланың қол-аузын байлап қинаған кім?
Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы комаға түсірді – оқиғаның мән-жайы
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды – фото
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Аязда баланы автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмыстан қуылды