Путин Назарбаевты құшақтады-Астанада ҰҚШҰ саммиті басталды

Астанадағы саммитте Путин Назарбаевты құшақтады

245
(Жаңартылды 13:26 12.11.2018)
ҰҚШҰ-ға мүше елдер көшбасшылары жиырмаға жуық құжат қарайды

АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Астанада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйымға қатысушы елдердің көшбасшыларын қарсы алды. Кездесуге алғаш болып Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян кірді, одан кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Ресей президенті Владимир Путин. 

Владимир Путин қуанышты жүзбен Назарбаевтың қасына келіп, қазақстандық әріптесінің қолын қысып қана қоймай, оны құшақтады. 

Келіссөзді бастамас бұрын, мемлекет көшбасшылары бірге суретке түсті. 

Астанадағы ҰҚШҰ саммиті туралы не білу керек?

ҰҚШҰ-ға мүше елдер көшбасшылары 20-ға жуық құжат қарайды. Астанада, жоспар бойынша, ҰҚШҰ серіктесі мен бақылаушысының мәртебесі туралы, сондай-ақ ұйымның дағдарыс кезінде әрекет ету орталығын іске қосу бойынша шешім қабылдануы тиіс. 

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қорытынды құжат болмақ.

  • Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
    Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
    Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы
    © Sputnik / Владислав Воднев
1 / 2
© Sputnik / Владислав Воднев
Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне жиналған президенттер, 2018 жылдың 8 қарашасы

Саммитте ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымының тағдыры шешілуі мүмкін. Бұған дейін, Арменияда конституциялық құрылымды құлатуға қатысты деп айыпталған Юрий Хачатуров қызметінен айырылған еді.

Бейсенбі күні Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалықты ресми түрде Қырғызстанға тапсырды. 


245
Кілт сөздер:
Қазақстан президенті, құжаттар, саммит, көшбасшы, Сооронбай Жээнбеков, Эмомали Рахмон, Владимир Путин, Назарбаев, Астана
Тақырып бойынша
Астанада Назарбаев пен Путиннің қатысуымен ҰҚШҰ саммиті басталды - видеотрансляция
Назарбаев пен Путин Қазақстанда кездеседі
Путин әлем алыптары үшінші дүниежүзілік соғысты неге әлі бастамағанын айтты
Назарбаев премьер-министрге ағылшын тілін үйренуге көмектесуді сұрады
Петропавл Назарбаев пен Путинді қарсы алуға дайын ба?
Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісірді - видео
Қазақстанда 3 мыңға жуық әскеридің қатысуымен ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтеді
Сәбиді қорқытып жібердік: Путин жылаған баланың даусын естіп, сөзін тоқтатты
Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты - видео
Путин "Үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма?" деген сұраққа жауап берді
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындау жасады

600
(Жаңартылды 12:42 04.06.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметіне Ерлан Байтұқбаев тағайындалды. 

Елбасының ресми сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті, Кеңес төрағасының шешімімен Шоқан Елшібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев туралы не білеміз

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмамдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

Тағайындауға дейін Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

600
Кілт сөздер:
тағайындау, Қауіпсіздік кеңесі, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады
Тоқаев Қытай басшысына хат жазды
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Отырыс, жиын

Қазақстан президентіне қосымша өкілеттік беріледі 

386
(Жаңартылды 12:10 04.06.2020)
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары бұл еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс потенциалын қолдау қажеттігінен туындап отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Парламент сенаты соғыс жағдайы мәселелерінде Қазақстан президентінің өкілеттігін кеңейтетін заң жобасын бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сенатта кейбір заңнамалық актілерге соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. 

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – соғыс жағдайы саласындағы заңнаманы жетілдіру. 

"Бұл еліміздің қауіпсіздігіне төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс потенциалын қолдау қажеттігінен туындап отыр", - деді ол. 

Заң жобасы алты заңға түзету енгізуді көздейді. Оның негізгі мақсаты –  мемлекеттің соғыс жағдайы кезеңінде жұмыс істеуін, сонымен қатар, бейбіт уақытта оған дайындалу мәселесін құқықтық реттеу.
Бектанов соғыс жағдайы туралы заңда президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отырғанын айтты. 

"Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Оған сәйкес, президент соғыс жағдайы шараларын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы күштер Жоғары бас қолбасшылығы ставкасы туралы, қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекітеді", - деді қорғаныс министрінің бірінші орынбасары. 

Одан бөлек, үкімет құзыреті мынадай өкілеттіктермен толықтырылады: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғануды қамтамасыз ету міндетін белгілеу. 

Сонымен қатар, соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңестерін құру өкілеттігін беру ұсынылады. Бұл ретте қорғаныс кеңестері әскери басқару органы ретінде соғыс жағдайы шараларының орындалуын қамтамасыз етеді. Олар тек соғыс жағдайы кезеңіне құрылады, сондықтан Қарулы күштер құрылымына кірмейді. 

"Күзетілетін адамдар мен объектілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне түзету енгізу ұсынылады. Бұл жаңа міндет Қарулы күштер, басқа да әскер мен әскери құрылым, сондай-ақ мемлекеттік органдар үшін енгізіледі", - деді Бектанов. 

Сонымен қатар, қорғаныс және Қарулы күштер туралы заңға қорғанысты жоспарлау бойынша бірқатар түзету енгізу көзделген. Президент өкілеттігін қорғанысты жоспарлау қағидасын бекітумен толықтыру ұсынылады. 

Тағы оқыңыз: Президент Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін дегендерге жауап берді

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдар функциясын нақтылау, оның ішінде нысанды күзетуге және қорғауға дайындау ұсынылып отыр. 

Әскери қызмет туралы заңға запастағы сержантты даярлау бойынша бірнеше түзету енгізіледі. Әскери резервті толықтыру мақсатында әскери кафедрада ақылы негізде запастағы сержантты даярлау қарастырылған. 

Білім туралы заңға жоғары білім беру ұйымына осы бағдарлама бойынша ақылы негізде запастағы сержантты даярлау өкілеттігін беру туралы толықтыру енгізу көзделіп отыр. 

Бектанов бұл түзетулер соғыс жағдайы туралы заңнамалық актіні қазіргі заманға сай келтіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұдан бөлек, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттің жұмыс істеу механизмін жетілдіреді.

386
Кілт сөздер:
өкілеттік, президент, Қазақстан
Тақырып бойынша
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты
Тоқаев: Қазақстанда АҚШ әскери базасын салу мәселесі талқыланбайды
Тоқаев парламенттік оппозиция туралы конституциялық заңға қол қойды
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев: Қазақстандағы орыстар – еліміздің ажырамас бөлігі
Қазақстанның туы мен елтаңбасы

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні: президент мерекемен құттықтады

0
Президент елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

"Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

0