Саясат

Владимир Путин Петропавлға келді

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуПутин
Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей мен Қазақстан президенттері шекара жанындағы ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысады деп жоспарланып отыр

ПЕТРОПАВЛ, 9 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин XV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Солтүстік Қазақстанға келді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Петропавл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавл Путин мен Назарбаевты қалай қарсы алды — фото

Бағдарламаға сәйкес, бірер сағаттан кейін Петропавлда Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейтін пленарлық отырыс басталуы тиіс. Отырыс алдында екі мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей туристік көрмесіне барып, екіжақты кездесу өткізеді және "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенімен танысады.

Отырыс аяқталғаннан кейін екі мемлекет лидері ортақ құжаттарға қол қойып, жаңа оқушылар сарайының оқу-ойын алаңын көреді.

Форум екі мемлекеттің туризмін дамытуға бағытталған жаңа тенденциялар мен тәсілдерге арналмақ. Оған шамамен 500 адам қатысады, соның ішінде 250-і — құрамына өңір басшылары мен ірі компаниялар жетекшілері кіретін Ресей Федерациясының 22 субъектісінен делегация, министрлік және ведомство өкілдері.

Алдындағы форум 2017 жылы қарашада Челябинскте өткен болатын.

Жаңалықтар
0