Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Аstana Club отырысында

Назарбаев қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған актіні жаңартуды ұсынды

235
(Жаңартылды 20:23 14.11.2018)
Әлемдік державалар қазіргі заманда диалогтың жаңа форматын таңдауы тиіс, деп санайды Қазақстан президенті

АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хельсинки қорытынды актісінің 45 жылдығына орай 2020 жылы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша конференция өткізуді ұсынды.

"Жақында Парижде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар келіссөздер мен диалогтардың жоқтығынан басталғаны туралы айтылды. Менің ұсынысымның мәні – әлемдік державалар әрқашан адамзаттың болашағын ойлап әлемдік істерге аса жоғары жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық одақ. Осы төрт тарап қазіргі заманда диалогтың жаңа форматын табуы тиіс", — деді мемлекет басшысы "Астана Клуб" пленарлық отырысының ашылуында.

Елбасы еске сала өткендей, АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар Лигасын, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ-н құруға бастамашы болды.

"Мұның оңай емес екенін түсінемін, бірақ осы төрт тарап бас қосып, экономикалық, саяси, әскери және басқа да мәселелерді талқылауы үшін Астана алаңқайын ұсындым. Осы тұрғыда қырғи-қабақ соғыс кезінде қабылданған 1975 жылғы Хельсинки қорытынды актісін жаңартқан жөн деп санаймын. Осы стратегиялық құжаттың қабылданғанына 45 жыл толғанда – 2020 жылы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша конференция өткізуді ұсынамын", — деді Қазақстан президенті.

Назарбаев жаңа келісімді қабылдау процесі оңай болмайтынын мойындап, "кейбір ірі державалар көпжақты форматта емес, екі жақты тәртіппен жұмыс істегенді жөн санайтынын" атап өтті.

Astana club отырысы
© Sputnik / Владислав Воднев
Astana club отырысы

Сол себепті мемлекет басшысы 2019 жылдан бастап қорытынды келіссөздерге дайындықты бастаған жөн деп санайды.

"Қазақстан болашақта мұндай шараны өткізуге дайын, өйткені біз осы жүз жылдықта бір-ақ рет болған ЕҚЫҰ саммитін өткіздік. Әлбетте, бұл жағдайда көп нәрсе әлемдік державалардың ұстанымына байланысты болады. Сол себепті әлемдік державаларды жаңа келісімге келу үшін бірігіп жұмыс істеуге шақырғымыз келеді", — деп түсіндірді ол.

Атап өтсек, ЕҚЫҰ мүше елдерінің мемлекет басшылары мен үкіметтерінің бірінші саммитінің қорытынды актісі 1975 жылы 1 тамызда Хельсинки қаласында қабылданған болатын. Құжатқа 35 мемлекет қол қойды, оған халықаралық-құқықтық, әскери-саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы мемлекетаралық келісімдер кіреді.

235
Кілт сөздер:
Astana club, Назарбаев, Астана, Қазақстан
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев Astana Hub технопаркін ашты
Назарбаев: қазір елдер халықтың қамын емес, бір-бірін жоюдың амалын ойлап жүр
Назарбаев: Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде
"Қытай біздің саудадағы ірі серіктесіміз". Назарбаев бейнеүндеу жолдады
Ақорда ғимараты

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

483
Ақордадағы кездесуде демографиялық саясат, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев  

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

483
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев

Назарбаев пен Мирзиёев Сарыағашта өзекті мәселелерді талқылады

1758
Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша кездесу шекараға жақын орналасқан Түркістан облысының Сарыағаш қаласында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті Сарыағаш қаласына шақырды. Жұмыс кездесуі 25 қыркүйекте өтті, деп хабарлады Өзбекстан президентінің ресми сайты.

Назарбаев пен Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Коронавирус инфекциясының салдарын тез арада еңсеру үшін үкімет деңгейінде тиімді өзара әрекеттестікті жалғастыруға ерекше назар аударылды.  

Оқи отырыңыз: Назарбаев Зеленскиймен не туралы сөйлесті 

Сауда көлемін ұлғайту және сауданың келісілген өлшемдеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау, екі ел бірлесіп қабылдаған "Жол картасы" шеңберінде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, аймақаралық байланыстарды қолдаудың маңызды екені айтылды.

Сондай-ақ, аймақтық серіктестікті ілгерілету, оның ішінде былтыр қараша айында Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативті кездесуінен кейінгі уағдаластық аясындағы мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, ТМД шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды.

Кездесу дәстүрлі түрде ашық және достық ахуалда өтті.

1758
Кілт сөздер:
Сарыағаш, Назарбаев, Шавкат Мирзиёев
Тақырып бойынша
Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді
Қырғызстан, Беларусь және Молдова президенттері Нұр-Сұлтанға келді
Назарбаев Ташкентте Өзбекстан президентімен кездесті
Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті
базар, өрт, архив

Ақтауда базар өртенді видео

59
"Масат" базарындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтауда таңертең "Масат" азық-түлік базарынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер жалынды үш сағат ішінде сөндірді, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар сағат 7.55-те түскен. 17 бутик, 14 контейнер, 60 сауда сөресі отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы – 750 шаршы метр.

Өрт сағат 10.27-де толығымен сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 68 қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, осы базар 2017 жылдың бірінші қаңтарында өртенген болатын. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1,5 мың шаршы метрге жеткен еді.

59
Кілт сөздер:
өрт, видео