Қазақстан туы, архивтегі фото

Назарбаев Қазақстанның көпвекторлы саясат ұстанатынын тағы еске салды

77
(Жаңартылды 21:10 21.11.2018)
Қазақстан лидері АҚШ пен Қытай Халық Республикасына ресми сапарының нәтижесін бөлісті

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көпвекторлы саясатты ұстанатынын айтты.
Сәрсенбі күні дипломатиялық корпуспен кездескенде жоғары дәрежеде өткен кездесулер мен келіссөздердің нәтижесін бөлісті.

"Біз Ресей Федерациясымен Еуразиялық экономикалық серіктестік аясында достық қарым-қатынасты дамытып келеміз. Жуырда Петропавлда біз өңіраралық серіктестік форумын өткіздік", — деп еске салды президент.

Ол Қазақстанның Қытаймен стратегиялық серіктестікті дамытуды жалғастыратынын қосты. Назарбаев Пекинге ресми іссапары кезінде мемлекеттердің саяси, экономикалық серіктестік мәселесінде ортақ келісімге келгеніне тоқталды. Сондай-ақ, елбасы қыста АҚШ президенті Дональд Трамппен Вашингтонда жолыққанын еске алды.

"Біз ХХІ ғасырда стратегиялық серіктестікті кеңейту туралы келісімге келдік. Барлығы шетінен шешіліп келеді. Әрі қарай біз экономикалық серіктестікті нығайтатын боламыз", — деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз:

Елбасының пікірінше, Қазақстан үшін Орталық Азия аймағының орны маңызды. Мемлекет аймақаралық қауіпсіздік, тұрақтылық, тарихи және мәдени байланысты әрі қарай да дамытатын болады.

Қазақстан басшысы аймақта екіжақты саудаға кедергілердің барлығы жойылғанын мәлімдеді. Өзбекстан көршілермен шекара мәселесін ретке келтірді. Лидердің айтуынша, мемлекеттер арасында сенім артып келеді.

Ол, сондай-ақ, Қазақстанның жан-жақты диалогты дамытуды жөн көретінін айтып өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық корпуспен кездесу кезінде саяси мәселелерге қатысты пікір білдірді. Ол Қазақстанның Сириядағы жағдайға байланысты саммитті Астана форматында өткізуге дайын екенін айтып, ядролық державаларды бір үстел басында бас қосуға шақырды. Бұдан өзге Назарбаев санкциялар мен сауда соғысы мәселелерін АҚШ, Ресей, Қытай және Еуропа Одағы арасында қайта диалог жүргізу арқылы шешуге болатынын айтты.

77
Кілт сөздер:
форум, қарым-қатынас, мемлекет, президент, саясат, Назарбаев, Ресей, АҚШ, Қазақстан
Тақырып бойынша
POLITSIIA: Назарбаев полицейлердің жаңа формасымен танысты
Назарбаев педагогтер мәртебесін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды
Назарбаев: Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық
Назарбаев пен Путин қатысатын өңіраралық форум – видеотрансляция
Назарбаев жолдауды іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспарды бекітті
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе жастарына өз ақылын айтты
Назарбаев АҚШ, Ресей, Қытай және Еуроодақты өзара түсінісуге шақырды
Загрузка...