Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Конституциялық заңға түзетулер енгізуге бастамашы болды

83
(Жаңартылды 15:34 15.12.2018)
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сот жүйесін жаңғырту үшін өзінің заңнамалық бастама көтеру құқығын пайдаланды

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев судьялар туралы заңға түзетулерді мәжіліске енгізді.   

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес парламент мәжілісінің қарауына "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Заң жобалары Қазақстан Республикасы президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары сот кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.


83
Кілт сөздер:
заң жобасы, сот жүйесі, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев педагогтер мәртебесін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды
Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды
Назарбаев жолдауды іске асыру бойынша жалпыұлттық жоспарды бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев "Астана" қаржы орталығының артықшылығын атады

58
(Жаңартылды 18:18 08.07.2020)
Мемлекет басшысының айтуынша, халықаралық қаржы орталығы Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының жаңадан тағайындалған төрағасы Лорд Манстың ресми ант беру рәсіміне онлайн форматта қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде, Қазақстан халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, кәсіби және тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотын құру арқылы еліміз сот жүйесіндегі құрылымдық реформаларға бейілді екенін тағы бір мәрте анық айқындап отыр.

Сондай-ақ, Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының соты Қазақстанда жұмыс істеп жатқан немесе елімізге келуді жоспарлап отырған инвесторларға әлемдегі барлық ірі қаржы орталықтарындағыдай лайықты соттармен, сот процесстерімен, тәжірибесімен және стандарттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне тоқталды.

"Жалпы құқық бойынша тәжірибелі соттар өздерінің бейтараптылығымен, әділдігімен және бармақ басты, көз қыстыға көнбейтіндігімен танымал. Сондай-ақ олар сот жүйесінің тұрақтылығы мен құқық бұзылмауының кепілі", – деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, пандемия мен мұнай бағасының құлдырауынан туындаған қазіргідей дағдарыс кезінде ел экономикасын қайта қалпына келтіру жұмысында, инвестиция тарту барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызы арта түскен. 

"АХҚО сенімді қаржылық платформа ұғымының синониміне айналып, шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін арттыруы керек. Өз кезегінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының маңызды бөлігі ретінде қаржы орталығының тәуелсіз сот жүйесінің жалпы құқық бойынша сотына АХҚО-ның қызметінде ерекше рөл атқарады. Соған сәйкес Қазақстанның инвестициялық бағдарламасының тиімді жүзеге асуына атсалысады", – деді мемлекет басшысы. 

Оқи отырыңыз: Пандемия дәстүрді бұзды – Тоқаев Астана күніне арналған шараға бармады

Шара соңында Қазақстан президенті Лорд Вульфке қаржы орталығының сот жүйесін құру барысында сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, Лорд Мансқа АХҚО сотының төрағасы ретіндегі жұмысына табыс тіледі.

58
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Астана" қаржы орталығы
Тақырып бойынша
Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі
Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат берді

2399
(Жаңартылды 08:42 07.07.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті деректі фильм аясында сұхбат беріп, өзінің саяси карьерасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің арманын бөлісті.  

"Хабар" телеарнасында  "Пусть следующие поколения сделают лучше меня" деп аталатын деректі фильм жарыққа шықты. Елбасы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі туралы сөз қозғады.

20 жылға кейін оралу мүмкіндігі болса, өз-өзіңізге не деп айтар едіңіз деген сауалға Назарбаев арманым орындалды деп жауап берді.

"Бұл сауалға қысқа жауап қайыра аламын. Мен өз арманын орындаған адаммын. Қолымнан келген нәрсенің бәрін жасадым. Келесі ұрпақ менен де артық жасасын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол кез келген саясаткер үшін мақсатқа жету маңызды екенін атап өтті. 

"Ойладың, жоспар құрдың және орындадың - бұл саясаткер үшін бақыт", - деді Елбасы.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

2399
Тақырып бойынша
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео
Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Мен таңғалған жоқпын": Горбачев Назарбаев туралы сұқбат берді
Әнші Сейфуллин Жолбарыс

Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті

0
Сақатов әлеуметтік желіде тараған шулы видеоны көргеннен кейін халықтан өнер жұлдызының қылығына кешіріммен қарауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер, сатирик Алмат Сақатов басы дауға қалған әнші Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті.

Әртіс Facebook-тен Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен сөзге келіп қалған видеосын көрген.

"Баяғыда бір ақсақал ақ қағаздың бетіне кішкене қара нүкте салып,  оқушыларынан не көріп тұрсыңдар деп сұрапты. Оқушылардың бәрі қара нүкте көріп тұрмыз депті. Сонда ақсақал: "өмірде үйреніңдер, сендер мына жерден қара нүктені көреміз деп, үлкен ақ қағазды көрмей тұрсыңдар" деген екен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Сондықтан сәл бір сүрінген екен деп жерден алып, жерге салу қажет емес", - деді өнер адамы Instagram-да видео жариялап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сақатов Алмат (@sakatovalmat)

Ол әншінің дүкендегі әрекеті қателік екенін мойындады.

"Әрине, қателік, бірақ жігітті демейтін қасындағы елі, достары ғой. Аман болыңыздар", - деді Сақатов.

Әншінің даулы видеосы

Жуырда әлеуметтік желіде Сейфуллин Жолбарыстың дүкенші жігітпен жанжалдасып қалған видеосы тарады. Әнші сатушыға боғауыз сөздер айтқан. Дүкенші жігітті сыртқа шығып, жігітше сөйлесуге шақырған.

Sputnik Қазақстан өнер жұлдызына хабарласып, істің мән-жайын білді.

Әнші дүкендегі әрекеті үшін заң жүзінде жауап беріп жатқанын, видеоны желіге салған адам оқиғаның қалай басталғанын көрсетпегенін мәлімдеді.

0
Кілт сөздер:
видео, әнші, актер
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Әнші концертте болған жаппай төбелеске қатысты ойын айтты - видео
"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады