Индонезия

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

85
(Жаңартылды 18:12 24.12.2018)
Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандардың саны 280 адамнан асты

АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақорданың баспасөз қызметі атап өткендей, мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың туған-туысқандарына және бүкіл Индонезия халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Соңғы мәлімет бойынша, Индонезияда цунами салдарынан қаза тапқандардың саны 280 адамнан асты. Жүздеген үй мен ғимарат қираған.   


85
Кілт сөздер:
жеделхат, көңіл айту, цунами, Индонезия
Тақырып бойынша
Желіде жантүршігерлік су тасқынының видеосы жарияланды
Үндістанда су тасқынынан 324 адам опат болды - видео
Қытайды топан су басып жатыр – жантүршігерлік кадрлар
Петропавл маңындағы жолды су алып кетті
Загрузка...