Каспий теңізі

"25 жылға созылған келіссөз" Каспий теңізіне қатысты маңызды құжат мақұлданды

152
(Жаңартылды 19:32 26.12.2018)
Конвенция осы жылдың 12 тамызында Ақтауда Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдері арасында жасалған болатын

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды тілшісі. 

Бүгін мәжіліс депутаттары Каспий теңізіне қатысты тарихи құжатты қарады. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға 2018 жылдың 12 тамызында Ақтауда бес мемлекет арасында қол қойылған болатын. 

"Бұл құжаттың қол қойылуына 25 жылға созылған келіссөздер себепші болды. Атап айтар болсақ, жоғары деңгейдегі 5 кездесу, Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің 7 отырысы, СІМ орынбасарлары деңгейіндегі арнайы жұмыс тобының 52 отырысы, сондай-ақ жағалау елдері сарапшыларының әртүрлі форматта 10-нан астам кездесуі өткізілді", — деді сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. 

Ол конвенцияны әзірлеу кезінде әлемдік тәжірибе, Каспийде қолдануға болатын халықаралық теңіз құқығының нормалары, ұлттық сарапшылардың жеке өздері ойлап тапқан әдістері іске асқан. 

"Құжатта жағалау мемлекеттерінің теңіздегі қызметінің негізгі қағидалары бекітілген. Олардың ішінде оның суларын, түбін, қойнауын, табиғи ресурстары мен ауа кеңістігін пайдалануға қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттері, юрисдикцияның ұлттық аймақтары мен егемендікті бөлу әдістемесі, жер қойнауына, жүзіп өтуге, балық аулауға, теңізде ғылыми зерттеулер жүргізуге құқықтарды жүзеге асыру тәртібі, қауіпсіздік саласы мен теңіз ортасын қорғау саласындағы ынтымақтастық көрсетілген", — деді Әбдірахманов. 

Оның айтуынша, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселелер тараптардың айрықша құзыретіне жатады. Мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігін, егемендік теңдігін құрметтеу, күшпен қорқытуды қолданбау, өзара құрмет, ынтымақтастық, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау секілді қағидалар негізінде жүзеге асырылмақ. 

"Каспий теңізінің акваториясы – әртүрлі құқықтық режимдерде болатын ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулау аймақтары және ортақ су кеңістігі болып белгіленді. Аумақтық сулар ені 15 теңіз милінен аспайды, ал олардың сыртқы сулары – теңіздегі мемлекеттік шекаралар", — деді ол. 

Қандай да болмасын қызмет түрі теңіздің қоршаған ортасы мен оның биологиялық ерекшеліктеріне зақым келтірмеуі тиіс. 

Конвенция күшіне енгеннен кейін БҰҰ Жарғысының 2-бабына сәйкес, БҰҰ хатшылығында тіркеледі. 

Министрдің айтуынша, Каспий маңы мемлекеттерінің барлығы конвенцияның ратификациялануына қажетті мемлекетішілік рәсімдерді бастап кеткен. 

"Жуырда түрікмен тарапынан тиісті рәсімдер орындалғаны туралы ақпарат келіп түсті", — деді Әбдірахманов. 

Заңның қабылдануы жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді.

152
Кілт сөздер:
конвенция, Мәжіліс, Каспий теңізі
Тақырып бойынша
Қазақстан Каспий теңізіне әскерилер енгізуге қарсы
Қақаған қыста Каспий теңізіне түскен қазақстандық әйел "Первый канал" жұлдызына айналды
Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті
Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінде жаңа жобаны қолға алды
Министрлік Каспий теңізінде Иран азаматтарының улануына қатысты түсініктеме берді
Әбдірахманов Каспий маңындағы елдер маңызды шешім қабылдағанын айтты
Каспий суы неліктен "қанға боялғаны" белгілі болды
Загрузка...