Бейбіт Атамқұлов

Атамқұлов Сыртқы істер министрлігін басқарады

784
(Жаңартылды 23:21 28.12.2018)
Ол бұған дейін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды

АСТАНА, 26 желтоқсан — Sputnik. Бейбіт Атамқұлов сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  қызметінен босатылсын", — деп жазылған президенттің жарлығында. 

Бейбіт Атамқұлов Алматы облысында дүниеге келген. Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесшінің дипломатиялық дәрежесі бар.

Әр жылдары Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің және Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің кеңесші-елшісі, Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Германиядағы Бас консулы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды. 

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып 2016 жылы қазанда тағайындалған болатын. 

784
Кілт сөздер:
тағайындау, сыртқы істер министрлігі, Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан
Тақырып бойынша
Төрт ай вице-министр болған Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды
Әсет Исекешев жаңа қызметке тағайындалды
Өскемен қаласының әкімі тағайындалды
Астана әкімі Тұрсынбек Қабатовқа қызмет ұсынды
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

218
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

218
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Компьютер, адамның қолы

Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

75
(Жаңартылды 17:03 25.05.2020)
Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламентінде әйелдер мен жастар қатары артады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал "Саяси партиялар" туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

75
Кілт сөздер:
сайлау, партия, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

0
(Жаңартылды 10:17 28.05.2020)
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Жеке кәсіпкер не істеуі керек:

  • мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық қарызын тексеру (бар болса, өтеу);
  • тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына кәсіпкерлікті жою есебін электронды түрде беру;
  • кассалық аппарат бар болған жағдайда оны есептен алу туралы салық өтінішін толтыру; 
  • электронды үкімет порталы арқылы салық өтінішін толтыру немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының электронды поштасына жіберу.
0