Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. Архивтегі фото

Порошенко Назарбаевқа Керчь бұғазындағы оқиға жөнінде мәлімдеді

480
(Жаңартылды 08:53 28.12.2018)
Қазақстан басшысы Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылап, биыл Қазақстан мен Украина арасындағы байланыстардың жандана түскенін атап өтті.

Екі ел көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы қазіргі ахуал жөнінде пікір алмасты. 

Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына қатысты тараптарды сындарлы диалог жүргізіп, келісімге келуге шақырды, сондай-ақ осы қақтығысты шешу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Украина президенті Петр Порошенко Керчь бұғазы маңында болған оқиға жөнінде мәлімдеді. Осыған орай, Қазақстан президенті бұл мәселенің Украина мен Ресей тараптары арасындағы келіссөздер арқылы тезірек шешілуіне ниеттестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары алдағы уақытта да байланысты жалғастыра беру жөнінде уағдаласты.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды.


480
Кілт сөздер:
Керчь бұғазы, Петр Порошенко, Нұрбол Назарбаев, Украина, Қазақстан
Тақырып бойынша
Назарбаев: Украина үшін алаңдаймын
Әскери жағдайдың енгізілуі Украина мен Қазақстанның әуе қатынасына әсер ете ме?
Украинада әскери жағдай енгізілуде: бұл Қазақстанға қалай ықпал етеді?
Загрузка...