Магнитогорск қаласында тұрғын үйде жарылыс болды

Назарбаев тұрғын үйдегі трагедияға байланысты Путинге көңіл айтты

367
(Жаңартылды 19:49 03.01.2019)
Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан 21 адам көз жұмды

АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

31 желтоқсан күні таңертең Магнитогорск қаласында он қабатты үйде газ жарылды. Салдарынан үйдің кіреберісінің бірі қирады. Соңғы мәлімет бойынша, 21 адам қаза тапты, алты адам тірі табылды, оның ішінде бір тәуліктен астам үйінді астында жатқан 11 айлық бала бар.

Сондай-ақ, құтқарушылар екі күн өткеннен кейін мысық пен бұйра тотықұсты шығарып алды.


367
Кілт сөздер:
трагедия, көңіл айту, жеделхат, жарылыс, Владимир Путин, Назарбаев
Тақырып бойынша
Сайлау кезінде болған жарылыстан 55 адам өлді
Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандар саны 95-ке жетті
Ресейде тұрғын үйде болған жарылыс: үйінді астынан 11 айлық бала тірі табылды
Ресейде тұрғын үйде жарылыс болды: құтқарушылар үйінді астынан 37 адамды іздеп жатыр
Загрузка...