Сергей Лавров

Ресей министрі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді

2450
(Жаңартылды 16:01 17.01.2019)
Лавров Қазақстанның латын қарпіне көшуінен орыс тілі қысым көрмейді деп есептейді

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Мәскеудегі баспасөз конференциясында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне қатысты пікір білдірді.

"Біз Қазақстанмен өте жақсы қарым-қатынастамыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан – келіссөздер жиі өтетін алаңдардың бірі. Ел президенттері жылына бірнеше рет кездеседі, телефон арқылы тұрақты сөйлесіп тұрады және біздің Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушысы ретінде бұл бірлестікті одан әрі нығайту туралы ойымыз бір жерден шығып жүр", — деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы.

"Иә, Қазақстанда шешімдер қабылданып жатыр, атап айтқанда, қазақ тілін латын әліпбиіне көшірмек. Бұл біздің қазақ достарымыздың шешімі. Орыс тіліне қандай да бір қысым жасайтын, Қазақстанның орыстілді халқының құқығын шектейтін қандай да бір шешімді көріп отырған жоқпыз", — деп толықтырды Сергей Лавров.

Сонымен қатар, ол Ресей үшін көрші елдерде тұратын отандастарының құқықтары мен мүдделері басымдыққа ие екенін айта кетті. 


2450
Кілт сөздер:
орыс тілі, қазақ тілі, Латын әліпбиі, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Латын әліпбиіндегі қазақша пернетақта қандай болады?
Q операциясы: Астана латын әліпбиіне қалай көшіп жатыр?
"Өзіме "5" деген баға қоямын" Қазақстандықтар алғаш рет латын әліпбиінде диктант жазды
Сағадиев латын әліпбиімен оқи бастайтын сыныптарды атады
Загрузка...