Нурсултан Назарбаев

Конституциялық кеңес Назарбаевтың өтінішіне түсініктеме берді

1294
(Жаңартылды 09:40 06.02.2019)
Президенттің өтініші бойынша бір ай ішінде шешім шығарылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Конституциялық кеңес президенттің өтінішін қабылдап, кеңес отырысына материалдарды дайындап жатыр, онда мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілердің пікірі тыңдалады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Конституцияның мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату шарттары туралы бабын түсіндіруді өтінген болатын.

"Мемлекет басшысының өтініші елде 2017 жылы жүргізілген конституциялық реформаның негізгі ережелерін іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға байланысты. Өз өтінішінде Республика президенті мына мәселеге жауап беруді сұрайды: "Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма?", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Конституциялық кеңес өтініш бойынша халықаралық тәжірибеге, шет елдердің конституциялары мен заңнамасына, көрсетілген мәселелер бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне және басқа да материалдарға мұқият талдау жасайтыны аталып өткен.

Мүдделі мемлекеттік органдарға қорытынды беру туралы сұрау салынды. Сарапшы ретінде белгілі құқықтанушы ғалымдар тартылды. Конституциялық кеңес өз шешімін бір ай ішінде шығарады. Қорытынды шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Осы жылдар ішінде Конституциялық кеңес жүздеген өтініш, олардың ішінде 20-дан астам мемлекет басшысының өтінішін қарағанын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, кеше президент Конституциялық кеңеске үндеуі қарапайым мәселенің бірі екенін түсіндірді. Оның айтуынша, елде мерзімінен бұрын сайлау өтпейді.   

1294
Кілт сөздер:
Назарбаев, президент сайлауы
Тақырып бойынша
Өмір бойғы мәртебе: Назарбаев Конституциялық кеңеске өтініш білдірді
Ата заңға енгізілетін түзетулер Конституциялық кеңеске жолданды
Президенттің өкілеттігі: Назарбаев Конституциялық кеңеске өтініш жасады
Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты
Загрузка...