Полицейский

Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

1648
(Жаңартылды 13:36 19.02.2019)
Ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов басқа қызметке тағайындалды

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын", — делінген президенттің жарлығында. 

Ол Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған Қалмұханбет Қасымовтың орнына келді. 

Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келді.  

Жаңа министр туралы не білеміз?

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев 1962 жылы Алматыда туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1984 жылы Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі болып бастады.

Әр жылдары тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2000- 2006 жылдары ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы6 ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы болды.

2006 жылдың шілде айында Алматы қаласының ІІД бастығы қызметіне тағайындалды.

2012 жылдан бері Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 

1648
Кілт сөздер:
кадрлық тағайындаулар, Ішкі істер министрлігі, Ерлан Тұрғымбаев, Қалмұханбет Қасымов
Тақырып бойынша
Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Төрт ай вице-министр болған Жүнісова жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Назарбаев Мұхтар Құл-Мұхаммедті "Нұр Отан" партиясындағы қызметінен босатты
Әбілқасымова өзін отставкаға кетсін дегендерге жауап берді
Астанадағы трагедия: бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алып, біреуі қызметінен босатылды
Мемлекет басшыларының кездесуі

Тоқаев Ресей президентін құттықтады

62
(Жаңартылды 17:00 02.07.2020)
Мемлекет басшысы Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді 

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық дауыс берудің нәтижелі өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

Екі елдің басшылары телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан президенті Ресей тарихындағы бұл маңызды оқиға елді одан әрі дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, ұзақмерзімді даму стратегиясын жүзеге асырудың, мемлекеттілікті, егемендікті және экономикалық өсімді қорғаудың берік негізін қалағанын айтты. Сонымен қатар халықтың Ресей көшбасшысына жоғары деңгейде қолдау көрсеткенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте елімізге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді. 

Айта кетейік, дауыс бергендердің 78,03 проценті Ресей Конституциясына түзетулер енгізуді қолдаса, ал 21,16% қарсы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқандар шамамен 65%. 

Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарда сайлау учаскелері жұмыс істеді.

1 шілде Ресей Конституциясына түзетулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталған болатын.

62
Кілт сөздер:
Владимир Путин, Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
Путин Тоқаевқа қандай сыйлық жасағаны белгілі болды
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мінезі туралы айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Ресейге алғыс айтты

888
(Жаңартылды 13:54 01.07.2020)
Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек жөнелтті, сонымен қатар, коронавируспен күресуге көмектесу үшін өз мамандарын жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

"Ресей үкіметі коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Ресейдің жоғары басшылығына дер кезінде медициналық препараттар мен дәрілер жеткізгені үшін ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

30 маусымда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тағы оқыңыз: Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді

Ресей тарапы індетпен күресу үшін гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар, жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар ашу бойынша білікті мамандарын Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді. 

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда COVID-19 індетіне шалдыққан 40 мыңнан астам адам тіркелді.

888
Кілт сөздер:
коронавирус, Ресей, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
ДДҰ әлемде коронавирус жедел тарап жатқанын мәлімдеді
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгерді
Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандардың тамағы қызарып, мұрны бітеледі
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0