Портфель. Архивное фото - рекадр

Қасымовқа өз орнын босатып берген Байжанов қайда кетті

1162
(Жаңартылды 19:59 18.02.2019)
Ғабит Байжанов "Сырбар" сыртқы барлау қызметін басқарады

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ғабит Байжанов Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  қызметінен босатылсын", - деп жазылған хабарламада.

Ғабит Байжанов 1963 жылы дүниеге келген. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Барлау" қызметі директорының орынбасары, "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.

Бұған дейін "Сырбарды" басқарған Исатай Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов ішкі істер министрі қызметінен босатылып,  Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы  болып тағайындалған болатын.

1162
Кілт сөздер:
Сырбар, Қалмұханбет Қасымов
Тақырып бойынша
Астана әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады
Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды
Загрузка...