Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін мәлімдеме жасады видео

5495
Екі жарым жыл премьер-министр қызметін атқарған Бақытжан Сағынтаев президентке сенім артқаны үшін алғысын білдірді

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың үкіметі отставкаға кетті. Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы президентке алғыс білдіріп, қорытынды видеомәлімдеме жасады.

"Бүгін үкімет отставкаға кетті. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалап, бүгінгі биіктерге жеткізген Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесі тұрғысынан қабылдап келеді", - деп атап өтті Сағынтаев.

Оның айтуынша, мемлекет құру оңай жұмыс емес, жас мемлекетті түрлі қайшылықтар мен қақтығыстардан аман алып өтіп, тарихи мөлшермен алғанда тым қысқа мерзімде осындай абыройлы ел ету шын мәнінде шексіз құрметке лайық.

"Елбасы еліміздің сан мың жылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы. Сол себепті халқымыз баянды бүгіні мен жарқын болашағын тек қана Елбасының есімімен байланыстырады", - деді үкіметтің бұрынғы басшысы.

Экс-премьер Сағынтаев өткен екі жарым жыл бойы үкімет тізгінін тапсырып, жоғары сенім білдіргені үшін президентке шынайы алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні кешкісін Ақорданың ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі, кейінірек видеоүндеуі жарияланды.

Мемлекет басшысы ел үшін маңызды – үкіметті отставкаға жіберу шешімін қабылдағанын мәлімдеді.

Үкімет басшысы қызметін атқару кімге жүктелді?

5495
Тақырып бойынша
Назарбаев Конституциялық заңға түзетулер енгізді
Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді
Назарбаевтың үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесі - видео
Ақорда, президенттің резиденциясы

Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға шақырды

23
Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылады. Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау, азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берді.

Тоқаев Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді. Мемлекеттер басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы маусымда жандануы мүмкін

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады.

Әңгіме соңында Тоқаев Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

23
Кілт сөздер:
Режеп Тайип Ердоған, Қасым-Жомарт Тоқаев
Компьютер, адамның қолы

Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

56
(Жаңартылды 17:03 25.05.2020)
Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Сайлау туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламентінде әйелдер мен жастар қатары артады.

"Сайлау туралы" конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал "Саяси партиялар" туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.

56
Кілт сөздер:
сайлау, партия, заң, Қасым-Жомарт Тоқаев
Ауа райы

40 градус ыстық: 26 мамырға арналған ауа райы

0
Қазақстанның бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Сейсенбі күні ыстық болады, бұршақ жауып, қатты жел соғады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 26 мамыр күні бірқатар өңірде аптап ыстық болатынын айтты.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамында солтүстік өңірлерде күн салқындайтыны хабарланды. Оңтүстікте күн ыстық болады. Кей жерлерде жел күшейеді.

0
Кілт сөздер:
ыстық, мамыр, ауа райы