Конституция РК

Қазақстанда жаңа үкімет қалай құрылады

2550
(Жаңартылды 11:35 22.02.2019)
Мемлекеттің Ата заңында үкіметті жасақтау процедурасы туралы не айтылған

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес үкімет отставкаға кеткеннен кейін мемлекет басшысы парламент мәжілісіне жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуы тиіс.

Ата заңның 44-бабы 3-тармағында Қазақстан президенті парламент мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін мәжілістің қарауына премьер-министрдің кандидатурасын енгізетіні айтылған.  

Мәжілістің келісімінен кейін мемлекет басшысы премьер-министрді қызметке тағайындайды. Содан кейін премьер-министрдің ұсынуымен президент үкіметтің құрылымын айқындап, төменгі палатамен консультациялардан кейін Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды.

Сонымен қатар, президент сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды;

Үкімет жасақталғаннан кейін, мемлекет басшысы министрлер кабинетінің антын қабылдайды.

Тағы оқыңыз: Сағынтаев отставкаға кеткеннен кейін мәлімдеме жасады – видео

Бұған қоса, президент ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай үкімет отырыстарына төрағалық етеді.

Сондай-ақ, Конституцияға сәйкес, мемлекет басшысы премьер мен үкіметтің басқа да мүшелерін қызметінен босатады, немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады.

Неге мәжіліс?

Ата заңның 56-бабында мәжілістің қарауына палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен президентке премьер-министрді тағайындауға келісім беру жататыны көрсетілген.  

Үкімет қалай құрылады

Конституцияның 65-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының президенті үкіметті Ата заңда көзделген тәртіппен құрады.

Министрлер кабинетінің басшысы тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде премьер-министр үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы президентке ұсыныс енгізеді.

Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен президентіне ант береді.

Үкімет неге отставкаға кетті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі, 21 ақпан күні республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді.

Тағы оқыңыз: Үкімет басшысының міндетін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді

Мемлекет басшысы осы мәселеге қатысты жасаған мәлімдемесінде үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмағанын атап өтті. Президенттің айтуынша, жүйелі жұмыс жүргізілмеген, тұрғындардың нақты табысы өспеді, отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.

Тағы оқыңыз: Қазақстан президентінің отставкаға шығу құқығы бар – Конституциялық кеңес

Оның үстіне, Назарбаевтың пікірінше, Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді.

Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Асқар Маминге жүктелді.

Мемлекет басшысы 27 ақпанда өтетін "Нұр Отан" партиясының съезінде жаңа үкіметтің міндеттері туралы толығырақ айтуға уәде берді.

2550
Кілт сөздер:
Назарбаев, Асқар Мамин, Бақытжан Сағынтаев, премьер-министр, Ата Заң, Үкімет
Тақырып бойынша
Баяндаманы тыңдамаған Сағадиев үкімет басшысынан сөз естіді
Үкімет қазақстандықтардың табысын өсіретін жалпыұлттық жоспар қабылдады
Биылғы соңғы үкімет отырысы: Министрлер мен әкімдер Сағынтаевтан сөз естіді
"Кемшілік көп" Нығматулиннің үкімет жұмысына неге көңілі толмайды?
Назарбаев тарифтерді төмендету туралы: Премьер-министр мен үкімет шара қабылдамаған
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

929
(Жаңартылды 17:59 08.08.2020)
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

929
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады
Ақорда

Тоқаев елшіні қызметінен босатты

13373
(Жаңартылды 13:33 07.08.2020)
Андриан Елемесов Мексикадан бөлек Қазақстанның Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы мен Ямайкадағы елшісі болды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Андриан Елемесовті Қазақстанның Мексикадағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Біріккен Мексика штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Доминикан Республикасындағы, Ямайка, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Андриан Елемесов туралы не білеміз?

Андриан Көпмағамбетұлы 1963 жылы 10 шілдеде дүниеге келді.

1985 жылы Қазақ химиялық технологиялар институтын бітірген. Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері мен сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясының жанындағы құрылымдық бөлімше жетекшілеріне арналған курстардан өткен.

Ол 2015 жылдың тамыз айында Мексикада мен Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасындағы, 2018 жылдың қыркүйек айында Ямайкадағы төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Экс-елші Лукашенко Назарбаевтың отставкасы туралы не дегенін айтты

2008 жылы Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін Кавалер орденімен марапатталған.

13373
Кілт сөздер:
Қазақстан елшісі, елші
Тақырып бойынша
АҚШ Қазақстандағы биліктің ауысуы туралы не дейді – елші айтып берді
Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады
Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді - фото
Тасмағамбетовтің орнына келген жаңа елші туралы не білеміз?
Қазақстан және Ресей: Елші әріптестіктің басты бағыттарын атады
Ет, архивтегі сурет

Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды видео

0
Видео Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланды. Болған жағдайдан соң әйел тамақ дайындауын тоқтатып, етті тоңазытқышқа қайта салып қойды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Twitter қолданушылары тамақ дайындап жатқанда дірілдей бастаған еттің видеосын көріп шошыды.

Видеоны желіге малайзиялық қолданушы жүктеген. Бойжеткен анасы тамақ әзірлей бастағанда, тақтайда ет дірілдеп кеткенін айтқан. Олар шошып кетіп, етті қайта тоңазытқышқа салды.

Көптеген адам видео расымен де қорқынышты екенін жазып жатыр. Ал енді бірі шикі етте біраз уақыт бойы жүйе жұмыс істеп түруі мүмкін екенін айтуда.

​Видеоны 1 миллионнан астам адам тамашалап, 15 мыңға жуық пікір қалдырған.

0
Кілт сөздер:
желі, видео, жұрт, ет
Тақырып бойынша
Жас жұбайлар суретке түсіп жатқанда болған жағдайдың видеосы тарады
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті