Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

5431
(Жаңартылды 15:55 22.02.2019)
Сенат төрағасы әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарас қажет деп есептейді

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Президенттің үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі дер кезінде қабылданды. Қазақстандағы жағдай әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге жаңа көзқарасты қажет етіп отыр. Парламент сенаты жұмысқа түзетулер енгізеді", - деп жазды Тоқаев.

Естеріңізге сала кетсек, бейсенбі күні кешкісін Ақорданың ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесі, кейінірек видеоүндеуі жарияланды.

Елбасы үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

"Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты", - делінген мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Бақытжан Сағынтаев президентке сенім артқаны үшін алғысын білдірді

Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін "Нұр Отан" партиясының съезінде айтылады.

5431
Кілт сөздер:
үкімет, отставка, Қасым-Жомарт Тоқаев, Назарбаев
Тақырып бойынша
Қазақстан президентінің отставкаға шығу құқығы бар – Конституциялық кеңес
Министрлік шенеуніктерінің ұсталуы: Мұхамедиұлы отставкаға кетуге дайын ба?
"Ол үкіметте отырған ойыншық емес" Перуашев министрді отставкаға жіберу туралы айтты
Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді
Әбілқасымова өзін отставкаға кетсін дегендерге жауап берді
Үкіметтің отставкаға кетуі: Сағынтаев министрлерге алғыс білдірді
Нұрсұлтан Назарбаев

ЕАЭО мен Өзбекстан басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соқты 

55
(Жаңартылды 17:38 06.07.2020)
Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті 80-ге келді. Нұрсұлтан Назарбаевқа келіп жатқан құттықтаулардың легі толастайтын емес. Елбасыға Владимир Путин, Александр Лукашенко, Шавкат Мирзиеёв пен Сооронбай Жээнбеков телефон соқты

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Қырғызстанның басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elbasy.kz.

Владимир Путин Елбасының саяси көрегендігі мен мол тәжірибесі Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді күшейтуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Ресей басшысына жылы лебіздері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өзбекстан президенті де Назарбаевқа 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт және Қазақстанның өркендеуі жолындағы жауапты қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

"Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күш-жігерінің, парасатты және көреген басшылығының арқасында Қазақстан өзінің үлкен экономикалық және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдаланып, әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан елдердің біріне айналғанын атап өтті. Өзбекстан көшбасшысы Тұңғыш Президент тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ халықаралық аренада да зор құрмет пен беделге ие болғанын атап өтті", - делінген ресми хабарламада.

Беларус президенті Александр Лукашенко Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халқының біраз жетістікке жеткенін және табысты мемлекеттің құрылғанын айтты. Ал Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның сәтті дамуы және оның халқының әл-ауқатының өсуі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін, ал Ұлт көшбасшысының тәжірибесі мен беделі өңірдегі интеграциялық үдерістерді дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін өз құттықтауларын ҚХР, Әзербайжан, Украина, Армения, Литва, Латвия, Польша мен Иордания басшылары жеткізген болатын.

55
Кілт сөздер:
Назарбаев
Нурсултан Назарбаев

Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

6209
(Жаңартылды 19:57 03.07.2020)
Фильм 6 шілде күні сағат 21.40-та эфирге шығады. Елбасының баспасөз қызметі фильмнің анонсын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті билік транзиті мен коронавирус пандемиясының әсері туралы айтты. Елбасының баспасөз қызметі "Пусть следующие поколения сделают лучше меня..." деректі фильмінің анонсын жариялады.

Жарыққа шығатын фильм журналист Айгүл Әділова мен Елбасы баспасөз қызметінің арнайы жобасы. Көрермендер фильмді 6 шілде күні сағат 21.40-та "Хабар" арнасынан тамашалай алады.

"Биліктің ауысуы - қауіпті сәт. Бұл кезде үнемі тәртіпсіздіктер болады. Барлық саяси күштер бас көтереді. Мен осыны ескердім", - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, коронавирус билік жақсы басқаратын елдер қиындыққа төтеп бере алатынын көрсетті. Ол адамдар көз жұмып жатқан жағдайда жылдам шешім қабылдау маңызды екенін айтты.

6209
Кілт сөздер:
видео, фильм, билік, Назарбаев
Тақырып бойынша
"Назарбаевтың қанынан вакцина жасайды": министрлік түсініктеме берді
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
"Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты
"Бүкіл ауыртпашылығын сезіндім": Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы туралы айтты
Тоқаев коронавирус жұқтырған Назарбаев туралы жазба жариялады
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

131
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

131
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?