Саясат

Үкіметтің жаңа құрамы: бүгін тоғыз жаңа министр тағайындалуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат тоғыз министрдің кандидатурасы қаралуы мүмкін екенін, бірақ әзірге нақты түсініктеме бере алмайтынын айтты

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы бүгін қаралады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Александр Суслов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін комитеттер (мәжіліс – Sputnik) өз министрлерінің кандидатурасын қарайды. Меніңше, тоғыз министр. Әзірге түсініктеме бере алмаймын", — деді мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Суслов.

Премьер-министр Республики Казахстан Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Депутаттың айтуынша, бүгін президенттің қатысуымен өткен төменгі палатаның жалпы отырысында мәжілісмендер премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған.

"Парламент мәжілісі оны өте жақсы таниды. Мамин мырза бұл қызметті абыроймен атқарады деген ойдамын. Президент әлеуметтік саясатқа, яғни халықтың тұрмысын жақсартуға басымдық беріп отыр. Сондықтан Маминге көп нәрсе байланысты болады", — деді ол.

Ал депутат Бақтияр Мәкен президенттің әлеуметтік саланы жақсартуға басымдық бергенін атап өтті.

"Президент 10-12 министрлікті атады. Үкіметтегі әлеуметтік салалардың басшылығы ауысатын шығар, бәлкім. Қазіргі бағдар одан әрі жалғасуы мүмкін. Бүгін мемлекет басшысы депутаттар да, үкімет те өңірлерге шығып, жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуі керектігін баса айтты", - деді мәжілісмен.

Айта кетсек, бүгін президент мәжілістің жалпы отырысына қатысып, төменгі палата депутаттарының қарауына премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Мәжіліс аталған кандидатураны мақұлдады. Артынша Назарбаев Асқар Маминді премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа үкіметтің алдағы міндеттері туралы 27 ақпанда президенттің қатысуымен өтетін "Нұр Отан" партиясының съезінде айтылады.

Жаңалықтар
0