Саясат

Ұлттық банктің төрағасы отставкаға кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинДанияр Ақышев
Данияр Ақышев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағалығына 2015 жылдың қарашасында тағайындалған болатын

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтың отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банктің жаңа төрағасының кандидатурасын келісуге келдім", - деді сенаттың отырысында президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев.

Данияр Ақышев туралы не білеміз?

Данияр Ақышев 1976 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ол еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

Премьер-министр Республики Казахстан Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
1996 – 2003 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003 – 2007 жылдары аталған департаментті басқарды.

2007 жылғы тамызда Қазақстан президентінің өкімімен ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2014 - 2015 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, сондай-ақ президент көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарды. 

2015 жылдың 2 қарашасында Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.

Жаңалықтар
0