Мадина Әбілқасымова

Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова қызметінен кетті

23954
(Жаңартылды 19:30 28.03.2019)
Мәдина Әбілқасымова қызметінен кетіп, орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деп жазылған президенттің жарлығында.

Бұған дейін министрлікті Мәдина Әбілқасымова басқарған еді. Ал Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарды. 

Бердібек Сапарбаев туралы не білеміз?

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтында "Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау" мамандығы бойынша білім алған. Ол – экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Задарьинский совхозында жұмысшы қызметінен бастады (1969-1971 жж).

2007 жылдың 27 тамызынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, 2009 жылдың 4 наурызынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарған.

2014 жылдың қарашасы мен 2015 жылдың қыркүйегі аралығында премьер-министр орынбасары болған, ал 2015 жылдың 11 қыркүйегінде президент жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 

23954
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Бердібек Сапарбаев, Мадина Әбілқасымова
Тақырып бойынша
Назарбаев жаңа білім министрін тағайындады
Қазақстанда тағы бір министрлік қайта ұйымдастырылды
Ақышев отставкаға кетті: Ұлттық банкті енді кім басқарады?
Назарбаев депутаттардың алдында Сағадиевті мақтады
Ұлттық банктің жаңа төрағасы Досаев мәлімдеме жасады
Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болды
Ұлттық банктің төрағасы отставкаға кетті
Загрузка...