Портфель

Назарбаев жаңа білім министрін тағайындады

3584
Бұған дейін білім және ғылым министрлігін басқарған Ерлан Сағадиев қызметінен кетті

АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Бұған дейін аталған министрлікті Ерлан Сағадиев басқарды.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаттары білім және ғылым министрлігіне Күләш Шәмшидинованың кандидатурасын келіскен еді. Күләш Шәмшидинова 1958 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1979) "Химия оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Соңғы қызметі – "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ басқарма төрайымы.

3584
Ақорда ғимараты

Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді

481
Ақордадағы кездесуде демографиялық саясат, балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланып, жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Алматыда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Қайрат Жолдыбайұлымен және Андрей Чеботаревпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайұлымен кездесуде демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі және еліміздегі балалар әдебиетін дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев  

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бастамаларына қолдау білдірді. Атап айтқанда ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізудің маңыздылығы еліміздің саяси трансформация үдерісіндегі тағы бір оң қадам екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде жергілікті өзін-өзі басқару ісін одан әрі дамыту, мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесін жақсарту, мүлік меншіктерінің бірлестігін құру және оның қызметі жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

481
Кілт сөздер:
президент, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев жарлыққа қол қойды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды
Тоқаев Алматыда автокөліктің капотына не жазды
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев

Назарбаев пен Мирзиёев Сарыағашта өзекті мәселелерді талқылады

1739
Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша кездесу шекараға жақын орналасқан Түркістан облысының Сарыағаш қаласында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті Сарыағаш қаласына шақырды. Жұмыс кездесуі 25 қыркүйекте өтті, деп хабарлады Өзбекстан президентінің ресми сайты.

Назарбаев пен Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Коронавирус инфекциясының салдарын тез арада еңсеру үшін үкімет деңгейінде тиімді өзара әрекеттестікті жалғастыруға ерекше назар аударылды.  

Оқи отырыңыз: Назарбаев Зеленскиймен не туралы сөйлесті 

Сауда көлемін ұлғайту және сауданың келісілген өлшемдеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау, екі ел бірлесіп қабылдаған "Жол картасы" шеңберінде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, аймақаралық байланыстарды қолдаудың маңызды екені айтылды.

Сондай-ақ, аймақтық серіктестікті ілгерілету, оның ішінде былтыр қараша айында Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативті кездесуінен кейінгі уағдаластық аясындағы мәселелер қозғалды.

Сонымен қатар, ТМД шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды.

Кездесу дәстүрлі түрде ашық және достық ахуалда өтті.

1739
Кілт сөздер:
Сарыағаш, Назарбаев, Шавкат Мирзиёев
Тақырып бойынша
Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді
Қырғызстан, Беларусь және Молдова президенттері Нұр-Сұлтанға келді
Назарбаев Ташкентте Өзбекстан президентімен кездесті
Тоқаев Әзербайжан президентімен кездесті
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

861
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

861
Кілт сөздер:
видео