Мысырдағы апат

Назарбаев Мысыр президентіне көңіл айтты

98
Каирдегі теміржол вокзалындағы апаттан 28 адам көз жұмған

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб республикасының президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Тараздағы жарылыс: Назарбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Еске сала кетсек, Мысыр астанасы Каирде теміржол вокзалында жойқын апат болып, соңы өртке ұласты. Вагондар тіркелген тепловоз қатты жылдамдықпен платформаға соғылған. Қатты соққыдан өрт шығып, жанармай багы жарылған. Өрт салдарынан 28 адам қаза болып, 50-ден астамы зардап шекті.

Тергеу барысында апатқа екі тепловоз машинисінің арасындағы кикілжің себеп болғаны анықталды. Қайғылы оқиғадан соң Мысырдың көлік министрі Хишам Арафат отставкаға кетуге өтініш берді.

98
Кілт сөздер:
көңіл айту, видео, апат, Мысыр, Назарбаев
Загрузка...