Саясаттанушы Данияр Әшімбаев

Назарбаев мұрагерін таңдады, бірақ билік транзиті болмайды саясаттанушы

7505
Саясаттанушы еліміздің әлеуметтік және экономикалық саясатын модернизациялау керек деп есептейді

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев кеше Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының съезіне қатысты пікір білдірді.

Саясаттанушының айтуынша, съездің негізгі күн тәртібі партияның саяси кеңесінің бағдарламасы, кеңестің жарғысы және құрамының жаңаруына қатысты болды. Ал көпшілік съезд кезінде басқарушы партияның ішінде жаңа электоралдық кезең басталады деп күтті, дейді Әшімбаев.

"Үкіметтің отставкасы да, Ұлттық банк басшысының ауысуы осыған ыңғайластырылды. Әдеттегіден ауқымдырақ бағдарлама болады деп күтілді. Сонымен, сайлау мәселесі белгілі бір уақытқа шегерілді. Президент мейлінше лайықты кандидатураны таңдап қойған секілді. Бірақ белгілі бір уақытқа транзит мәселесін жауып қойды", - деді Әшімбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.   

Сарапшының пайымдауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде жария еткен әлеуметтік бастамалары соңғы уақыттағы қоғамдағы әлеуметтік шиеленіске жауап болып отыр.

Дегенмен, тек әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру жеткіліксіз. Еліміздің әлеуметтік саясатын және экономикалық саясатты модернизациялау мәселесі өзекті. Саясаттанушының айтуынша, үкімет әзірге мұны жасаған жоқ, ал осындай стратегияны әзірлеуді уақыт талап етіп отыр.

Әшімбаевтың пікірінше, Бақытжан Сағынтаевтың үкіметі қандай қателіктерге жол бергенін аудиофайлдан тыңдаңыздар.

7505
Кілт сөздер:
жәрдемақы, "Нұр Отан" партиясы, мұрагер, билік транзиті, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев президент сайлауы қашан өтетінін айтты
Қазақстан президенті сайлауы: дерек пен дәйек
Назарбаев: алдымызда президент сайлауы бар
Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін: отбасы мүшесі ме, билік элитасы ма?
Назарбаев мерзімінен бұрын президент сайлауы туралы мәлімдеме жасады
Загрузка...