Саясат

Экс-министр Дархан Қалетаев жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Болат Шайхинов Дархан Қалетаев
 Дархан Қалетаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асқар Мамин премьер-министр кеңсесінің жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Дархан Қалетаев Қазақстан премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келісілген түрде, үкімет қаулысымен Дархан Аманұлы Қалетаев премьер-министр кеңсесінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Айта кетсек, Дархан Қалетаев бұған дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарған болатын.

Дархан Қалетаев туралы не білеміз?

Дархан Қалетаев 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

© Sputnik / Болат ШайхиновДархан Қалетаев
Экс-министр Дархан Қалетаев жаңа қызметке тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Дархан Қалетаев

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған.

Бұрынғы премьер-министр Сағынтаев қандай қызметке ауысты?

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Қазақстан президенті әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.

  • 2007–2008 жылдары — президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
  • 2008–2009 жылдары — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2009–2016 жылдары – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарушы директоры;

2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болды.

2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.

Жансейіт Түймебаев қандай қызметке тағайындалды?

Жаңалықтар
0