Тимур Сүлейменов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

470
(Жаңартылды 13:59 02.03.2019)
Президент Тимур Сүлейменовті жаңа қызметке тағайындады

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Тимур Сулейменов
© Sputnik / Владислав Воднев
Тимур Сүлейменов

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 

2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша магистрілік білім алған.

  • 2009-2010 жылдары - Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
  • 2010-2012 жылдары - Қазақстанның экономикалық даму және сауда вице-министрі;
  • 2012 жылдың 1 ақпанынан 2016 жылдың 28 желтоқсанына дейін - Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі.
  • 2016-2019 жылдары - Қазақстанның ұлттық экономика министрі;
470
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, Тимур Сүлейменов
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады

577
(Жаңартылды 20:38 17.09.2020)
Партияның онлайн дауыс беруі 1-3 қазан аралығында өтетіні хабарланған болатын. Тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беруге қатысу үшін "Праймериз1 ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Праймериз жеңімпаздары мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың партиялық тізіміне енеді. Шамамен 5 500 адам іріктеледі.

Іріктеуден өтіп, алайда тиісті қолдау көрсеткішін жинай алмағандар партияның жаңа кадрлық резервіне енгізіледі.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы партияға іріктеуді ұйымдастыру жұмысының сапалы болуы маңызды екенін айтқан болатын.

Ол праймеризді ашық, әділ ұйымдастырып, барша қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау керек екенін жеткізді. Назарбаевтың айтуынша, партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс. 

Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді қабылдайтынын жариялады.

577
Кілт сөздер:
баспасөз, Елбасы
Тақырып бойынша
Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев
"Жағдай тұрақты": Назарбаев Досаевты қабылдады
Назарбаев Тоқаевпен кездесті – не туралы сөйлесті
Назарбаев Қытай министрімен кездесті
Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасын қабылдады
Ақорда ғимараты

Тоқаев Жапонияның премьер-министріне жеделхат жолдады

85
(Жаңартылды 18:43 17.09.2020)
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында Ёсихида Суганы Қазақстанға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрі Ёсихида Сугаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта жаңа үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі саладағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тіледі.

85
Тақырып бойынша
"Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты
"Президенттер қатысады": Тоқаев қарашада маңызды кездесу өтетінін айтты
Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты
Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0