Портфель

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

76
Назарбаев бірнеше министрліктің жауапты хатшыларын қызметінен босатты

АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен бірнеше министрлікте жауапты хатшылар ауысты.

Ақорданың ресми сайтында хабарланғандай, Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Ол ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.

Сонымен бірге, Марат Алмасұлы Әзілханов қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен, Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Еске сала кетсек, Қазақстанда ақпан айында үкіметтің құрамы ауысты. Бұдан бөлек, министрліктер қайта құрылды – бұрынғы ақпарат және коммуникациялар мен қоғамдық даму министрліктері біріктіріліп, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пайда болған.

76
Кілт сөздер:
Назарбаев, тағайындау, министрлік, үкімет
Загрузка...