Мадина Әбілқасымова

Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды

13071
(Жаңартылды 15:37 12.03.2019)
Бұған дейін Мәдина Әбілқасымова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланған.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2019 жылдың 12 наурызындағы № 96 қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әбілқасымова бұдан бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарған еді. Қазір министрлікті бұрын Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев басқарып отыр.

Тағы оқыңыз: Халықтың ашуына тиген экс-министр Мәдина Әбілқасымова туралы қызықты деректер

Мәдина Әбілқасымова туралы не білеміз?

Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Мадина Әбілқасымова
© Foto : служба центральных коммуникаций

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы, 2003 жылы Колумбия университетінің магистратурасын "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша, ал 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) тәмамдаған.

  • 1999-2001 жылдары – Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы;
  • 2003-2004 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы;
  • 2004-2006 жылдары – "Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры;
  • 2006-2008 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
  • 2008-2011 жылдары – президент әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары;
  • 2011-2013 жылдары – экономикалық даму және сауда вице-министрі;
  • 2012 жылдан бастап Дүнижүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары;
  • 2013-2014 жылдары – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
  • 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың ақпанына дейін – ұлттық экономика вице-министрі;
  • 2018 жылдың 9 ақпанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.
13071
Тақырып бойынша
Сапарбаев әлеуметтік желіде жауап бермейтін шенеуніктерді сынға алды
Жаңа еңбек министрі: Бердібек Сапарбаев туралы деректер
Жаңа еңбек министрі: Тамара Дүйсеновамен сөйлестім...
Еңбек министрі 4 баласы бар отбасының шілдеден бастап қанша алатынын есептеп берді
"10-15 теңгеге де аспауы керек": Сапарбаев әлеуметтік көмек кімдерге төленбейтінін айтты
Халықтың ашуына тиген экс-министр: Мадина Әбілқасымова туралы қызықты деректер
Загрузка...