Мәлік Мырзалин

Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылды

250
(Жаңартылды 17:56 19.03.2019)
Мәлік Мырзалин жаңа қызметке тағайындалды

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ақмола облысының әкімі болған Мәлік Мырзалин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Мырзалин Мәлік Кеңесбайұлы Ақмола облысы әкімі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігі басшының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген ресми құжатта.

Мәлік Мырзалин туралы не білеміз

Мәлiк Кеңесбайұлы Мырзалин 1971 жылы дүниеге келді. Москва мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Ғылыми дәрежесі - саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы бастады. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жүйесiнде, 2004 жылдың қаңтары мен 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi.

  • 2006 жылдың сәуiрінен бастап - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары;
  • 2007 жылдың наурызынан бастап - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары;
  • 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн – "Нұр Отан" партиясының Орталық аппараты басшысы орынбасары;
  • 2010 жылдың сәуiр-мамыры — "Қазақстан темiр жолы" ҰК" АҚ президентiнiң кеңесшiсi;
  • 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн – Қазақстанның Президентi Iс басқармасы аппараты басшысы;
  • 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн - Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы;

2013 жылдың шiлдесінде Қазақстан президентi іс басқарушысының орынбасары, 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан президентi іс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. Ал 2017 жылдың наурызында Ақмола облысының әкімі қызметіне келді.

Сонымен бірге, Мәлік Мырзалин "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Қазақстанның спорт қайраткері. Үш баланың әкесі.

250
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Ақмола облысы, Мәлік Мырзалин
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады

577
(Жаңартылды 20:38 17.09.2020)
Партияның онлайн дауыс беруі 1-3 қазан аралығында өтетіні хабарланған болатын. Тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламасымен танысты.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, дауыс беруге қатысу үшін "Праймериз1 ақпарат жүйесінде тіркеуден өтті. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Праймериз жеңімпаздары мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың партиялық тізіміне енеді. Шамамен 5 500 адам іріктеледі.

Іріктеуден өтіп, алайда тиісті қолдау көрсеткішін жинай алмағандар партияның жаңа кадрлық резервіне енгізіледі.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы партияға іріктеуді ұйымдастыру жұмысының сапалы болуы маңызды екенін айтқан болатын.

Ол праймеризді ашық, әділ ұйымдастырып, барша қатысушылар үшін бірдей жағдай жасау керек екенін жеткізді. Назарбаевтың айтуынша, партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс. 

Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді қабылдайтынын жариялады.

577
Кілт сөздер:
баспасөз, Елбасы
Тақырып бойынша
Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек – Назарбаев
"Жағдай тұрақты": Назарбаев Досаевты қабылдады
Назарбаев Тоқаевпен кездесті – не туралы сөйлесті
Назарбаев Қытай министрімен кездесті
Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасын қабылдады
Ақорда ғимараты

Тоқаев Жапонияның премьер-министріне жеделхат жолдады

85
(Жаңартылды 18:43 17.09.2020)
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында Ёсихида Суганы Қазақстанға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрі Ёсихида Сугаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жеделхатта жаңа үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі саладағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тіледі.

85
Тақырып бойынша
"Өте қауіпті симптом": Тоқаев ұсталған облыс әкімдері жайлы айтты
"Президенттер қатысады": Тоқаев қарашада маңызды кездесу өтетінін айтты
Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты
Тоқаев Си Цзиньпинді Қазақстанға шақырды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0