Саясат

Ақмола облысына жаңа әкім тағайындалды

© Sputnik / Болат ШайхиновПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ермек Маржықпаев 2015 жылдан бері Көкшетау әкімі қызметін атқарған еді

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.

© Акимат Акмолинской областиЕрмек Маржықпаев
Ақмола облысына жаңа әкім тағайындалды  - Sputnik Қазақстан
Ермек Маржықпаев

Ал Ақмола облысын басқарған Мәлік Мырзалин Қазақстан президенті әкімшілігі басшының орынбасары болды.

Ермек Маржықпаев туралы не білеміз?

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда Целиноградта туған. 1994 жылы Сейфуллин атындағы Целиноград педагогика институтын, 2001 жылы "Тұран" университетін, ал 2009 жылы Көкшетау университетін тәмамдады. Тарих мұғалімі, заңгер, қаржы бакалавры.

  • Еңбек жолын 1991-1992 жылдары дене шынықтыру мұғалімі, бокс бапкері болып бастады,  орта мектепте тарихтан сабақ берді.
  • 1992 жылдан 1995 жылға дейін "Шонай"ШЖК директоры болды;
  • 1995 жылдан 2008 жылға дейін "Береке-Бурабай" ШЖК (ЖШС) бас директорының міндетін атқарды;
  • 2007-2009 жылдары – Ақмола облыстық мәслихатының депутаты;
  • 2008-2012 жылдар аралығында – Аршалы ауданының әкімі;
  • 2012-2013 жылдары – Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі;
  • 2013 жылдан 2014 жылға дейін – Ақмола облысы әкімінің орынбасары, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мәселелерімен айналысты.
  • 2015 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін Көкшетау қаласының әкімі болды.

"Құрмет" (2011) орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл" (2001), "Ерен еңбегi үшiн" (2004), "Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл" (2011), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008) медальдарымен марапатталған.

2007 жылы "Қазақстан туризмінің құрметті қызметкері", 2002 жылы "Үздік кәсіпкер" атағын иеленді. Бокстан спорт шебері.

Жаңалықтар
0